Президент мемлекеттік сапармен Ресейге барды

Президент мемлекеттік сапармен Ресейге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Ресейге Мемлекеттік сапармен барған Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті. Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді. Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешкісін Владимир Путинмен бейресми кездесу өткізді. Мемлекеттер басшылары еркін форматта екі жарым сағат әңгімелескен. Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді. Екі ел арасында ешқандай түйткіл жоқ екенін айтты. Владимир Путин шақыртуын қабыл алғаны үшін алғыс айтып, алдағы жоспарлар орындалатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Шын мәнінде Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды, әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде Президенттер мен Үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Сізге уақыт тауып, келіскеніміздей, мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұған шын жүректен қуаныштымын. Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ, таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын.

Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, Президент Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі.

 

13.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19813
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33332
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37156