Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
 
Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын Ұлттық күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен ынтымақтастық қағидаттарын ұстанған елдің алдағы уақытта да қарқынды дами беруіне тілектестік білдірді.
«Осы мерейлі мейраммен тұспа-тұс келіп отырған футболдан әлем чемпионатының сәтті әрі табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Дүниежүзілік брендке айналған бұл дүбірлі дода Қатардың бақуатты және болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел екенін тағы да растады. Әсіресе, қарапайым спорт жанкүйерімен қатар халықаралық қауымдастық та әлемдік біріншіліктің жоғары деңгейдегі жаңа стандарттарына куә болды», – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Президент Шығанақтағы Қазақстанның басты серіктестерінің бірі – Қатармен тығыз байланыстарымыз жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел халықтарының игілігі үшін әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымыз одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.
t.me/bort_01
18.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 465
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 466
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 408

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20783
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20565
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35685
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34224
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38098