Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.

24.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 837
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6911
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10751
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6980
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7122