Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Аналар атынан үндеу! Қорғансызға қорған, жазықсызға пана бол, Президент мырза!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Аналар атынан үндеу! Қорғансызға  қорған,  жазықсызға   пана бол, Президент мырза!

Үнсіз қалуға арымыз да, жанымыз да шыдамады!

Тоқаев жаңа жылдан бастап жаңа форматта енгізілетін қызмет түрін атадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға бұл үндеуде айтқым келгені, «анау ішіп кетті, мынау жеп кеттіні термелеу емес», қазіргі халықтың басындағы күйді толғау ғана.  Себебі ел басына күн туып тұр. Жағдайымыз өте ауыр. Мемлекет теңселіп, билігіміз «билеп» жатыр.  Бұны кешегі халықтың бейбіт шеруінен кейінгі дүрбелеңнен,  жазықсыз жапа шеккен халықтың күңіренуінен-ақ аңғару қиын емес. Әлеуметтік желі анау сарнап жатқан, шетелдегі «шешендерің» анау елді шулатып, «арнауларын арнап» жатқан. Қайда барсаң да «Қорқыттың көрі» дегендей,  қайда қарасаң да мазасыз жұрт, қайда барсаң да әліптің артын баққан қауым. Бір қазақтың баласын екі жарып қарағым келмейді, мен де анамын, олардың бәрі де анадан туған. Қай ана баласын алалайды? Мен де сондай күйдемін. Кешегі шеруден кейін бажайлап қарап отырсам, ұрған да қазақ, соққыға жығылған да қазақ, қамаған да қазақ, бірін-бірі итше талаған да қазақ, сөз сапырып оттаған да қазақ, бірін-бірі соттаған да қазақ, билігің де қазақ, биігінде отырып бұйырған да қазақ! Енді кімге өкпелейсің, сорың бес елі, уайымың қос елі қазақ?! Баяғыда «қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық жалғыз атын сойдырады» дейтін қазақ, бүгінде ашуына мініп «қанағатқа қарным шертиді, жалғыз атымды сойып жаяу қалсам да, жемқорлық жайлаған мекеннен «ақырып теңдік сұраймын» деп атойлап шығып, арандап қалып жатыр. Жаның ауырады, жүрегің қабынады. Қайда бара жатырмыз осы?!

Біз анамыз, қазақтың анасымыз. Ананың тілегі біреу ғана, ол – қамқор Отан, тыныш заман,  Ананың көргісі келмейтін нәрсе – жылаған бала,  зарлаған ана, қамыққан әке! Ана үшін елдің ынтымағы жарасып, немере мен шөбересі әжесі мен атасына таласып жатса болғаны. Атамыз қазақ үшін тыныш күннің бәрі той болған. Сондықтан өткенге топырақ шашып, «Елбасы үйтті, Елбасы сүйтті. Анау арам, мынау надан, анау жемқор, мынау еңбекқор» дегеннен аулақпын. Бәрі бір қазақтың баласы. Бәлкім бірінде пендешілік болды, сөйтіп  «кірлетіп» алды қолды. Бәлкім біреуі  дүниеге құнығып, арты былығып жатыр. Біреуі елім деп еңіреп еді, сенгендері сатып, ми батпаққа белшесінен батып, қартайғанда кәрі арыстандай  кіжініп, өкініштің өрті  өзегін өртеп, қиналып жатқан болар бәлкім...

Еліміздегі орын алып жатқан бассыздықтарды көре тұра үнсіз қалуға арым шыдамады. Арым ғана емес-ау, жаным шыдамады (кешегі «Желтоқсан қырғынынан» бүгінгінің несі кем?). Елдегі кедейшілік пен әділетсіздікке төзбей биліктен өз құқын талап еткен қалың елдің бейбіт шеруін бұрмалап, «уралап» тұра ұмтылған полицияны көріп, халық түңілді. Біз зайырлы, демократиялы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ба десек (олай емес-ау), бір адамның билігін сақтап қалу жолында ғұмырымыз босқа өтіп жатқаннан сау ма өзі? 

Құрметті президент Қ.Тоқаев мырза, Сіз алғаш Президент болып сайланғанда «ең алдымен демократияны жаңғыртамын» деп еліңізді қуантып едіңіз. Бейбіт шеру жайлы заң шығарып, елдің құқығын қорғауды қолға алып едіңіз. Бүгін сөзіңіз бен ісіңіздің арасы алшақтап барады. Билік сатысына көтерілген кезіңізде шенеуніктердің барлығына әлеуметтік желіде белсенді болуға, халықпен етене жақын болуға тапсырма бергеніңіз есімде. Ол тапсырмаңыз орындалмай жатыр. Орындалып жатса, халықтың үні, жанайқайы ендігі Сізге жетер еді!

Бастапқыда бейбіт шеру болды»     ІІМ: 16 желтоқсан бейбіт шеру кезінде 55 адам ұсталған

Әлеуметтік желідегі халықтың шеруден кейінгі полицияның жапқан жаласына шыдамай, көрсеткен қорлығына төзе алмай «ах!» ұрғанын көруден асқан қиындық, шырылына жыламаудан өткен азап болмас бұл дүниеде. Қазақ осынша қорланатындай, өз бауырынан азап көретіндей, Құдайдан қарғыс алған ұлт па еді? Көзбен көргенім бар, көңілге түйгенім бар, жазықсыз жандардың аманатын арқалап, бейбіт күнде төгілген бейкүнә адамдардың сорғалап аққан қанынан шошынып (әлеуметтік желілерде өлген, өлтірілген, жараланған, қорланған, атылған видеолар өріп жүр) және есірген әскерилердің пиғылынан сескеніп, құрметті Президент мырза, өзіңізге әскерилерден жапа шеккен халықтың атынан барша қазақ аналары үндеу жолдап отырмыз. 

Әйтеуір  тотыдай түрленген дүние мың құбылып, қазақтың билігі сасып, 30 жыл елді теспей сорғандар шетелге қашып, абыр-сабыр болып кетті. Кімге сенерін білмей сең соққан балықтай халық  қиналды. Жазықсыз атылған ел ішінде адам көп. Зар жылаған ана көп. Бұл репрессия енді қаншаға созылмақ? Осы жаныма батып тұр. Жаңаөзенде халыққа алғаш рет оқ атылды.  Әлі күнге дейін кімнің бұйрық бергені, әскердің кімге сеніп ергені белгісіз. Уақыты келер, шындықтың көмбесі ернеуінен асып төгілер... 

Міне, содан бері халық пен биліктің арасы алшақтай берді, алшақтай берді. Елбасы да халықтан тайсақтай берді, тайсақтай берді.  Сол кезде бәлкім билікті сенімді қолға тапсырғанда, халыққа рахмет айтып бас ұрғанда тарихқа «Қаралы қаңтар» деп таңбаланған шеру болмас еді. Зейнеткерлік жастағы Елбасы да мүжіліп сынбас еді... 

 

Аналар ботасы өлген аруанадай боздамасын!

Сөйтіп ашынған ел араға 10 жылдай уақыт салып, қайта  көтерілді.  Ақтау қазағы  Каспий теңізіндей өр мінез көрсетіп, қымбатшылыққа төзе алмай, газ бағасына көне алмай, арнасын ұрған ашулы өзендей толқып шыға келді. Ақтаудан шашыраған ұшқын Алматыға түсіп, қаудай қалжыраған, тұрмыстың тауқыметінен қан жылаған көптің шеруіне ұласты. Басында бейбіт басталған шерудің арты арандатушылардың ықпалына ілесіп, полициямен тіресіп, ару Алматы отқа оранды. Дүкендер тоналды. Әкімдік өртелді. Мемлекеттік мәртебесі бар мекемелер қирады.  Осы жайт мен секілді аналарды қинады. Айтпаса сөздің атасы өледі, бүгінгі президент Қ.Тоқаев – бүліктен кейін  ғана өзін еркін сезіне бастады.  Себебі «халық айтса қалып айтпайды» ғой, осы күнге дейін «екі қошқардың басы бір қазанға» қалай сыйып келгеніне бәрі таң. 

Шеруден кейін президент Қ.Тоқаев – нақты шешімдерге иек арта бастағаны қуантады. Шеруде зардап шеккендердің ақ-қарасын анықтау – үлкен жұмыс.  Қозғалған қылмыстық істі бұра тартпай, бұрмаламай  әділ шешімін табу – президент Қ.Тоқаевқа  үлкен сын! Қателікті халық кешірмейді!

Иә, алпауыттарды шошытпай, қорқытпай, үлкен дипломатиялық ұстаныммен бір араға жинап жатыр.  Сөйтіп қор құрып, елдің жайын ойлап жатыр.  Бары миллиардтап, азы миллиондап теңгесін қорға төгіп жатыр. Көпшілік оны көріп отыр. Бірақ бұл халықтың көңіліне сенім ұялатар емес. Себебі «тағы да баяғыдай көзді алдау мен арбау болып шықпас па екен» деп халық үмітін күдікке жеңдіріп отыр.  Биліктің басындағы ауыс-түйіс те шахмат тақтасындағы пешкаларынан айырылған «корольдің»  кебін киіп тұр. Қауқарсыз «корольдің» пұшайман халін Алла Тағала ешкімнің басына бермесін.

Шеруден кейін түрмелер «қылмыскерге» толды. Тап 1937 жыл дерсің. Жазықты да, жазықсыз да темір тордың ар жағынан мөлие қарайды. Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында «Әлхамдулилла, 6 миллион қазақ бармыз» деп шаттанса, кеше ғана халық санағынан кейін қазақтың саны 10 миллионнан асыпты деп бір масаттандық.  Сол қазағың шеруде шерменде болып отқа түсіп, шеруден кейін оққа ұшып жатыр.  Оққа ұшпағаны көзі бозарып түрмеде шіруге айналды.  Құрылған комиссия қызбалыққа салынған жастарды аямаса, келешегін ойламаса, қазақтың басына қасірет бұлты төнгелі тұр. Комиссия қамалған адамдарды ұрып-соғуды тоқтатпаса,  әділ шешім орнатпаса – бәрі бекер. Бұның арты халықтың қайта толқуына, билікті састырып қорқытуына апарып соға ма деп қорқамын өз басым.  Жараланып ауруханада жатқан, шеруге шығып, талабын қойып, абақтының қараңғы түрмесіне «батқан», жала жабылып тергеуде шырылдап тіл қатқан жастарымызға қорған керек. Олар да бір-бір үйдің шырақтары. Оларды да аналары қазақтың бір бөлшегі деп дүниеге әкеліп қуанған. Сөйткен аналардың, әкелердің енді қуаруға, көздері жастан суалуға қақысы жоқ. Оларды азаптауға биліктің хақысы жоқ!

Иә, елбұзарлардың (шынымен бар болса) содырлардың, бүлікті қоздырған жауыздардың жазасын алуына ана ретінде қарсылығымыз жоқ. Кім болса да қолымен істегенін мойнымен көтерсін! Шын айыпты адам жазадан құтылмасын! Бірақ жазықсыз жандар аңырамасын, аналар ботасы өлген аруанадай боздамасын! 

 

Датын айтқан елді жазалай берсе, билік ұзаққа бармас

Өйткені қазақ халқы бос уәдеден, құрғақ сөзден әбден жалыққан ұлт. Сондықтан әділетті қоғам орнау үшін, шеруге шығып шерменде болған жұрт әділ бағасын алып, үйлеріне қайтуы тиіс! Жазықсыз жапа шеккендер, атылып өлгендер «халық қаһарманы» болмаса да, халық қорғаны болып жылнамаға жазылуы керек. Өлген, жараланған сарбаздар құрметке бөленіп, шерлі ойын айтамын деп шерге батқандар, жазықсыз атылғандар көзден таса қалуы қайдан шыққан заң?! Бәрі бір қазақтың баласы, алалауға еш негіз жоқ. Билік өзін қорғағандарды әспеттеп, «датын» айтқан жұртты бөлшектей берсе, «ғұмыры» ұзақ бола қоймас. «Болар елдің баласы бірін бірі батыр» дейтінін президент Қ.Тоқаев жадында ұстағаны абзал. Сарбаз көктен түскен жоқ, ол халықтың баласы, халық жерден шыққан жоқ, ол биліктің – анасы!

Қаңтар оқиғасы: қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қандай көмектер  беріледі - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

 Бұл айтқанымды «еститін үкімет» естімесе, аналардың өтінішіне құлақ түрмесе, соры қайнаған елге айналамыз. Бізге күле қарайды айналамыз! Тағы айтамын, қазіргі қазақ аналардың бар арманы – елдің бірлігі, тыныштығы.  Осындай қиын-қыстау сәтте президент Тоқаевты халық болып қолдау – ел болудың басты шарты. Тарыдай шашылған жұрт кім көрінгеннің жемтігі.  Әлеуметтік желідегі  далбаса сөздер мен беталбаты кеңестер – елдіктің шырқын бұзу ғана. Қазір Президентіміз  ауыр жүктен еңсесі езіліп, қиындықпен бетпе бет кезігіп қиналып отыр. Қайран менің қазағым, осындайда ел ертеңі үшін, бүліктің артының бүлінбеуі үшін оған тіреу, сүйеу болуымыз керек. Қалғанына уақыт таразы...

Ана ретінде айтарымыз, елдегі саясаттың кері кетуіне, биліктің былыққа батуына гендерлік саясаттың да тигізген зардабы көп. Еркек бұзылса отбасы бұзылады, әйел бұзылса – ұлт бұзылады. Қыздарымыз отбасын құрып бала тууды емес, мансап қуып қала кезуді алдыңғы орынға шығарып алды. Батысқа еліктеген ұл мен қызың жеті атаң естімеген жетесіздіктің талайына куә қылды. Ана деген қасиетті ат – қасіретке ұласты, әке деген қастерлі ат – құны кетіп құнсызданды. Бұның бәрі отыз жылдағы ұлттық идеологияның әперген «жемісі». Сосын Ресейге еліктеудің де арты, жағынудың да соңы жақсылыққа апармайды. Дәл қазіргі елең-алаң шақта Тоқаев мырза біздің осы бір пікірлерімізді құлағы шалып орындап жатса, нұр үстіне нұр. Егер  ұлттық идеологияны тезірек  қолға алмаса,  ана тілін қорғамаса, келешектің алдында жүзі жарқын болмақ емес...

Ел билігін толықтай қолыңызға алып, рухтанып, «біріншіден» үстемдігіңізді елге сездірген Тоқаев мырза Ресейге еміне бермей, анықтап айтқанда орысша «еңірей» бермей, мемлекеттік тілде өзіңіз бас болып сөйлеп, телміре қараған командаңызға үлгі болмасаңыз, баяғы сүрлеуге түсіп кетесіз.  Ол сүрлеуге биліктегілер түскісі келсе де, халық ат ізін салғысы келмейді. Себебі ол ескі жол.  Көнерген жол. Түнерген жол... Ұлттық руханияттан жұрдай еткен, идеологияңды құлдай еткен ол жол, Қ.Тоқаев мырза, Сізге абырой әпермейді. Жаңа Қазақстанды жаңа жолмен, ұлттың жаны ана тілімен, жаңа идеямен, жаңа идеологиямен ғана ұшпаққа шығара аласыз! Басқасының бәрі бекер! Жаңа Қазақстанды жемқорлық дейтін батпаққа батырып, төрткүл әлемнен қонақ шақырып, күлкіге қалдыруды қоятын мезгіл жетті.  Сізден аналар осыны талап етеді, Президент мырза!  Халық қаласа, хан атан түйесін соятынын есіңізден шығармаңыз!

Тоқаев пен Путин қандай мәселелерді талқылады?

Білім саласындағы реформаны бастауыш сыныптан бастап, дамыған Жапонияның үлгісінде жасап, бала есін білгенше мемлекеттік тілде оқуына жағдай жасаңыз! Кедергілерді жойыңыз! Қарсы шыққандарды орны-орнына қойыңыз! Бұл да аналардың сізден үлкен өтініші! 30 жылда орда бұзар 30-ға келген ұл мен қыз орысша сөйлеп, гөй-гөйлеп жүр. Тәуелсіз ел үшін бұдан асқан масқара болмақ емес. Сүйегімізге таңба болған осы қателікті жөндеңіз, Президент мырза! Көнбегендерді тәртіпке шақырып «өңдеңіз», Президент мырза!

 

Ресейге оқуға жіберетін «Болашақтың» болашағы болмайды

Образование - В список зарубежных вузов программы "Болашак" внесены  изменения

Аналар атынан тағы бір айтарым, Сіз таяуда «Болашақпен» жастарды Ресейде оқыту керек дегенді ашық айттыңыз. Өтінерім, тезірек райыңыздан қайтыңыз! Кешегі шерулеткеннің бәрі қазақтың тіліне құрметпен қарағандар. Ана тілін алтынға балағандар. Олай болса ұлтыңыздың «шабына ши жүгіртіп» ашуына  тиіп тұрсыз! Өзіңізге де құрметтің шектелуіне жол беріп тұрсыз!

  Кешегі алаштықтар Ресейде оқыса да,  білім көкжиегіне Жапонияны лайық көрген. Сол үшін олар «жапон тыңшысы» деп жазықсыз атылып та кетті. Уақыт шіркін олардың көрегендігін, өлермендігін, тереңдігін, сұңғылалығын әйгілеп берді. Оқу мен білімде, жаңа технология жетістігінде Жапонияға теңдесер мемлекет жоқ қазір. Аузыңызға құрдымға бет алған, жаңашылдықтан жұрдай, тек әпербаққан саясатымен, шовинисттік пиғылымен әлемге «ай, кәпір» атанған Ресейді алуыңыз ұлтыңызды шошытты. Сіз бұл сөзіңізбен халықты қолдауға емес, қорғануына, сенім артуына емес, сенімсіздік туғызуына мәжбүрлеп отырсыз, Президент мырза! Әлі де болса райыңыздан қайтыңыз, кеш емес!

Аналар атынан тағы бір өтініш, Президент мырза, әлемде ақпараттық соғыс жүріп жатыр.  Пенделердің аузына «ақ ит кіріп, көк ит» шығып жатыр. Сондықтан әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтіп, заң аясында тоқтам жасамаса жағдайымыз бұдан да мүшкілдене түсері даусыз.  Себебі жоғарыдағылар билікті жамандап жатса ғана әлеуметтік желіге көңіл аударады. Қалған уақытта  әлеуметтік желіде «қуырдақ қуырып, ет асылып» халық мәре-сәре болып жатады. Биліктің бұл әрекеті «сен тимесең, мен тимен бадыраққөз» дегенге келеді.  

Как компании проверяют сотрудников в соцсетях - Ведомости

Үкімет әлеуметтік желідегі халықтың зары мен мұңынан бейхабар отыр. Елдің бозторғайдай шырылына, атандай  ақырған жанайқайына селт етпеген үкіметтің келешегі бұлыңғыр, болашағы үмітсіз. Шеруге еті үйренген халық, «естімеген үкіметті» күндердің күнінде тағы қалың ұйқысынан шошып оятса таң қалмаймын өз басым.  Президент мырза, сізге тағы өтініш, Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, «газет халықтың көзі һәм құлағы». Олай болса үкімет неге «газетке ешкімді жаздыруға мәжбүрлемеңдер, күштеп оқытуға үгіттемеңдер» деп ұрандатып жатады? Анау дамыған Америка мен Жапония газет пен журналға қайта оралып,  халыққа «баспаға жазылыңыздар, көптеп оқыңыздар» деп үгіт жүргізуде. Кім ақылды, кім ақымақ?

Құрметті Президент мырза, біржыныстылар мен ЛГТБ «мұрагерлерін» қашанға ізгілікке жол ашқан қазақ даласында сайрандатып қоямыз?! Олардың шеруі қызық та, халықтың әділдік талап етуі бұзықтық па? Бірақ ұлтыңызды сақтап қаламын десеңіз, осыны да қолға алыңыз. Қазақ ежелден ана сыйлаған халық. Онда неге мемлекетімізде аналар қадірсіз, құнсыз? Олай болса ала қап арқалаған аналар кешегі тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында отбасын асырады.  Қиын сәтте Елбасының қасынан табылды.  «Бәрі керемет болады» деген сөзіне шүбәсіз сенді.  

От "нечисти, что идет против Бога" до "зоновских понятий": что говорили  известные казахстанцы о дискриминации ЛГБТ в стране - Новости | Караван

Бүгінде аналардың зейнет жасы өсіп жатыр. Аналардың күннен-күнге жақсылықтан үміті өшіп жатыр. Жоғарыда айтқанымдай, гендерлік саясаттың кесірінен ақсаусақ шенеунік әйелдер өздеріне бар жағдайды жасап алып, қазақ даласындағы аналарды өздеріңдей көріп, зейнет жасы өскен сайын «тұғырында» жүзі нұрланып сөйлейтінді шығарды. 

Ал ауылдық жердегі пеш жағып, бала бағып, күйеуінің бабын тауып жүрген аналардың бүгілген белін, шаршаған жүзін,  ауру меңдеген денесін,  ілініп-салынып жүрген сұлбасын ешкім көзге ілетін емес. Ана бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербейтінін қазақ билігі әлі сезінбей тұр. Қ.Тоқаев мырза, бұл істіңде тоқетерін айтатын кезіңіз келді. Аналардың зейнет жасын төмендетуге күш салсаңыз, сіздің саясатыңыздың да өркендеуіне аналардың ақ батасы  себесін боларына күмәніңіз болмасын! Кемел келешектен үміті бар барша қазақтың, барша қазақстандықтың! Алайда бүгінгі күн – ертең тарих. Тарихты ешкім өртеп жібере алмайды. Ол қалады. Сонда көреміз кімнің кемеңгер, кімнің дүние үшін өлермен болғанын... Жаңаөзендегі қырғынның да, қаңтардағы бұлғақтың да  артында халық тұр. 

Какая работа у дворника? | Закон для всех    Дворник - это тяжелый и неблагодарный труд» 25.11.2021 - KazanFirst

Бүгінгі қоғам бай мен кедейдің арасын әбден ашты. Шіріген байлар шертиіп, жоқшылықтан титықтаған кедейлер үрпиіп тұр. Халық пен биліктің арасы да алшақтап кетті. Бірінің дауысын бірі естімейді. Бәрі белгілі. Жүйе әбден күйрегенде іштен іритіні тарихтан таныс бізге.  

«Еститін үкімет» құрамын дедіңіз, құрметті Қ.Тоқаев мырза! Жақсы бастама. Алайда өкінішке қарай, үкіметтің құлағы «керең» болып тұр. Әйтпесе жазықсыз жапа шегіп зар жылаған халықтың үні, баласына оқ тиіп омақаса асқан ата-ананың мұңы, өлген баланы көрден қазып алуға ұмтылған әпербақан  заң органдарының мүшелерінің асылық істері, түрмеде таяқ жеп, мүгедек болған жастардың арыз-шағымы, елім деген еңіреген ерлердің жанайқайы, белсенді азаматтардың әлеуметтік желілердегі жан жүректі толқытар шерлі сөздері қайда кетіп жатыр? «Еститін үкімет» осыны естімесе (сіз айтқан кері байланыс қайда қалды?!), халық кімге барып мұңын шағады, Президент мырза?! Сізден өтініш, халықпен бірге болғыңыз келсе, халықтың сөзін тыңдағыңыз келсе, маңайыңызға тоғышарлар мен тонпішерлерді емес, халықпен байланыс орнатқан, әлеуметтік желідегі жұрттың талап-тілегін қорықпай Сізге жеткізетін көмекшілерді қасыңызға көптеп жинаңыз.  Халқыңызға ашық болыңыз, шексіз ғашық болыңыз! Сонда ғана «Жаңа Қазақстанның» жаңаша парақтары ашылады.

 

Мақтан мен мадаққа, ода мен марапатқа көп сене бермеңіз, Президент мырза!

Құрметті Тоқаев мырза, қазақтың түп тамыры – ауыл. Ауылсыз қазақ – дауылсыз дала секілді. Қазақты көркейтемін десеңіз ауылшаруашылығының гүлденуіне, ауылдың көркеюіне бар күшіңізді салыңыз. Ауылдар әлі жұтаң тірлік кешуде. Сондықтан да ол жақтан халық үдере көшуде. Елбасыны да алдаған жандайшаптар қасыңызда жүр.  Олар «бәрі де керемет» деп сізді де алдауға әзір.  Мақтан мен мадаққа, ода мен марапатқа көп сене бермеңіз. Менмін деген талайдың түбіне осылар жеткен. Өзіңіздің жолдауыңыздағы «Ауыл – Ел бесігі» секілді жақсы бағдарламалар бар. Нәтижесі  де бар. Өкінішке қарай, бұндай бағдарламалардың өзегін құрт шалып, жемқорлық  түбіне жетуде. Жекеменшік – ауыл мен жердің тамырын солқылдатқан індет болып тұр!

Таяуда ғана сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл мәселесін көтеріп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алды. Сондай-ақ үкімет басшысын ауылдың өзекті мәселелеріне назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалы жыл артқан сайын құлдырап келеді.. 

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты«Статистика деректері бойынша ауылдағы жұмыссыздар саны – 181 мың адам немесе 4,7 пайыз. Бірақ іс жүзінде жұмыссыздық халықтың бағын ашпас соры болды. Біз еліміздің барлық аудандарында ауыл тұрғындары арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Олардың басым көпшілігі жұмыстың жоқтығын «басты мәселе» деп атады. Осы сауалнамада көрсеткендей, ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңгені құрайды. Бұндай ақшаға қалай күн көруге болады?», – деді Ақылбек Күрішбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор жұмыссыздық салдары тағы бір проблеманы туғызып отырғанын айтып, бүгінде ауыл халқының қалаларға кету динамикасының артып отырғанын тілге тиек етті. «Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, еңбекке қабілетті халықтың 41 пайызы ауылдардан қалаға көшуді қалайды. Әрине урбанизацияның әлемдік үрдіс екені түсінікті, бірақ оны басқару керек қой. Жақын маңдағы ауылдардан бір сәтте халықтың жаппай көші-қоны басталса, біздің қалаларымызда не болмақ? Егер ауылшаруашылығында жұмыс істейтін ешкім қалмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Шекаралас аудандар қалай қорғалмақ?», – деді ол.

Депутат бұл мәселе еліміз үшін тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси және стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондықтан Ақылбек Күрішбаев Үкіметтің ауылдарды дамытуға неге тиісті көңіл бөлмегеніне және сенаторлардың Парламенттік тыңдауда берген ұсыныстарының негізгі тармақтары әлі де орындалмағанына назар аударды. Сонымен қатар қазақстандық ауылды дамытуға ірі ауылшаруашылығы компаниялары белсенді үлес қосуы тиіс екенін айтты. Бұған қалай жүрегің ауырмайды, Президент мырза! Ел сөзін айтатын азаматтар бар билік басында, тек олардың сөзі сізге естілмей жатыр. Естіртпей жатыр Сізге!

Құрметті Президент мырза, аналар атынан айтатын ұсыныс та көп, уәж де жетерлік. Оларды кезі келгенде өзіңізге жолдап отырамыз. Ел анасы елдің мұңын айта алмаса, бүгежіктеп маңайына жалтақтаса, қара басты дей беріңіз қоғамды. Сондықтан да Ел тізгінін бекем ұстап, оның алдындағы міндетіңізге адалдық танытып жатқан, Президент мырза, Сізге ерекше үмітпен қарап отырған халқыңыз бар. Есіңізден шығармағайсыз!

Қазақ халқына сабырлық берсін. Жұдырық болып жұмылып, бірлігімізді сақтайық. Тәуелсіздігіміз – басты байлығымыз. Сабырмен күтіп, жаңа Үкімет берген уәденің орындалуын күтейік. Әр нәрсе өз уақытымен. Халқымызға тыныштық берсін!

 

Әділ болыңыз, халқыңызға жақын болыңыз, Қасым-Жомарт Кемелұлы!

ТҮЙІН:

1. Біз ақ жаулықты аналар, Сіздің  ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін елге кіргізуіңізді де дұрыс шешім дей алмаймыз.  Өз қотырымызды өзіміз қасуға әскеріміз де, күш-қуатымыз да жететін еді. Қазақстан біріккен  елдердің әскерлерін кіргізіп «тәжірибе» жасайтын,  «эсперимент» өткізетін ел болмауы керек еді.

Қазақстан – тәуелсіз, өзін қорғауға да, сақтауға да күші жететін мемлекет.  Онда бұл шешімге келуіңізге не себеп болды? Өз әскеріміз өз халқына оқ ата алмайды деп, амалсыздан бардыңыз ба бұл қадамға?  Бұл шешіміңізді түсінбедік. 

2. Құрметті Президент мырза! Бейбіт шерушілердің арасында 20 мың лаңкес болды деген ақпарат жаңсақ болар. Бәлкім күштік құрылым басшыларының өздерін қорғап қалу үшін ойдан шығарған «аңыздары» ма екен? Шерушілер бейбіт мақсатта шыққаны анық. Оны өзіңіз де айттыңыз! Сөйте тұра 20 мың лаңкес бүлікті бастады дегенге қалай сеніп қалдыңыз?

Бейбіт шерушілер арасында түрлі пиғылдағы адамдардың болғаны даусыз! Оған отқа оранған ғимараттар мен көліктер, тоналған мемлекеттік нысандар мен дүкендер куә. Бірақ оларды кім өртеді, кім қиратты? Қарапайым халық оны жасаған жоқ. Осы күмәнді ашып көрсеңіз. Олар нақты фактілермен айыпталып, заң алдында жауап беруі керек! Әркім өз қылмысын мойнымен көтеруі демократияның талабы! 

3. Алайда қазір елімізде шерушілерді «лаңкеске» айналдыру үшін қызу жұмыс істеліп жатыр. Жазықсыз жапа шегіп жатқандар көп. «Шаш ал десе, бас алуға дайын» әскерилер көбеюде. Қазақ  қазақты қыруда. Бұған қашан тоқтам болады?

Тоқаев қаңтар оқиғасында қаза болған әрбір адамның өлімін мұқият зерттеу  қажеттігін айтты

Елдегі барша жәбір көрген, озбырлықты қолдамайтын аналардың атынан айтарымыз: Конституциялық құқығын талап етіп, бейбіт шеруге шыққан қарапайым  халықты ұрып-соғу тоқтатылсын! Халықтың еш жазығы жоқ қой. 

Жапа шегіп жатқан қарусыз халықты, бейбіт шеруге шыққан жұртты үреймен басу жалғасы берсе, мұның арты жақсылыққа апармайды. Ел ашынады. Ел ашынғасын тағы да шеруге жол ашылады.

Бейбіт шеруге шығу – әр адамның еркіндігі. Оған шектеу жоқ. Қарақшылық әрекеттер, арандатушылық пиғылдар, лаңкестер, басбұзарлар тағы айтамыз, заң алдында жауап беруі керек. Бірақ ол әділ жолмен, тергеп-тексеру арқылы ғана, халықтың көз жасымен емес. Бейбіт шеруден кейінгі бейберекет әрекеттер жанымызды түршіктірді, Президент мырза! Нақақтан қамалып, қан-жоса болып «таланып», «қаңғыған» оқтан бейкүнә халықтың мұрттай ұшып жатқаны, сонау қанқұйлы заман репрессияны көз алдымызға әкелді. «Асыра сілтеу болмасын, ашатұяқ қалмасын» деген саясаттың кесірінен қазақтың сүт бетіне шығар қаймақтары түгелге дерлік мерт болғанын қайтіп ұмытармыз? Онда да жоғарыға көзсіз берілу, сөзсіз табыну дертке айналған. Ол кезде де зиялы деген азаматтар қара бастың қамы үшін ұл-қызын тентіретіп,  ұлтын да сатып жіберген... Бас көтергендер «ұлтшыл» атанып, көп ұзамай үндері өшкен.

4. Мұртты көсем ешкімді жетектеп әкеліп жазаламады, атып-аспады, ұранға елтіген қазекем,   бәрін өзі көрсетіп беріп, бәрінің түбіне өзі жетті.  Әрине жағынған жандайшаптар еді ғой олар.  Сол жандайшаптардың ұрпақтары әлі тірі екен. Оған көзіміз осы жолы анық жетті. Ел басына күн туғанда зиялы деген қауымның біразы тасада қалып, әліптің артын бағып сақтыққа көшсе,  марқасқа жігіттердің дауысы Ақордаға жетпей «желкесі қиылып» жатыр...  

Әлеуметтік желіден ұстамды бір пікір оқып, оның иесін кейін жоғалтып алдым. Кім болса да айтары бар азамат екен. Риза болдым. «Тура биде туған жоқ» деп тіліп айтыпты. Қазір халық ашынғасын ба, әлде билікпен арада «беті ашылғасын ба» әлеуметтік желіде еркін! Бұл да елге демократияның жаңғырығы жете бастағанын көрсетсе керек. Президент Тоқаев мырза өзіңіз Президент мәртебесін иеленген кезде: «Демократияға жол ашық» деп батыл айтқаныңыз есімде. Онда бүгінгі қуғын-сүргін демократияға қайшы әрекет емес пе?

5. Иә,  жаңа Президентке жаңа Қазақстан құру оңай болмайын деп тұрған сияқты. Толық билік тетігін қолына алғаны жаңа. Жарқын қимыл, жасампаз істерімен халық алдында бедел жинап үлгерген жоқ. «Стрелять на поражение!» деген бұйрығын жұрт лаңкестерге емес, бейбіт шерушілерге қаратыла берілген бұйрық деп түсінді. Нақты кім кімді қанға бөктірді, кім кімді  жаралады – бір Аллаға аян. Бұл – тергеу анықтайтын алдағы күннің үлесі. Стресс алған халықтың эмоциясын да түсінуге болады. Қалай болғанда да, дәп осы бұйрық бұрынғы Президент «мұрагеріне» деген онсыз да селдір сенімге селкеу түсіргені анық. 

Қ.Тоқаев осы күндері түрі-түсі беймәлім, пиғыл-ниеті құпия, бөтен адамдармен бірге кемеге мініп, ұшы-қиыры жоқ мұхит айдынында көкжиекке қарай бет алған жалғыз батыр секілді. Кезінде Назарбаевтың қолдауымен қызметі өсіп, онымен қандай да бір байланыста болған кадрларды өз жағына шығарып, өз дегенімен жүргізу үшін Президент болып қана қою жеткіліксіз болар-ау!

Ал күштік құрылымдар ше? Олардың Президентке адал екеніне толықтай сенім бар ма? Ұсталғандарды аяусыз жазалап жатқандардың әрекеті халық пен биліктің арасына жік салу пиғылынан туындамағанына кім кепілдік бере алады? 

5. Қазақстанның күштік құрылымдары «Қаңтар қасіреті» секілді оқиғалардың бетін қайтаруға дайын емес екені байқалып қалды. 30 жыл бойы бейбіт өмірге бой алдырған. Көрші мемлекеттердегідей түрлі қақтығыстар мен төңкерістер түстеріне де кірген емес. Ел қорғайтындардың есіл-дерті қорғаныс қамынан гөрі иықтағы жұлдыздар мен жемқор жемсауларының қамынан аса алмағанға ұқсайды.

6. Қаңтардағы қаралы күндердің басты себебі, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың құлдырауы екені баршаға аян. 30 жылда жеткен бұл «жетістігімізді» 30 күнде түзеу мүмкін бе? Өз басым сене алмаймын.  

Қазақстанның жарты байлығын бауырына басқан 162 бай-шонжар оңайлықпен ноқтаға көне қояды деп кім айтыпты? Өзінікін өзгеге тегіннен-тегін бере ме? Өзінікі деймін-ау,  халықтікі ғой. Бірақ олар олай ойламайды. Сондықтан бұл мәселені шешуде белден басып, тізеге салу қауіпті. Байлық кімнің қолында болса, бақ солай қарай ауып кететін жайлар да кездеседі. 

7. Бұрынғы Президент пен үш қызының сыртқа шығарғаны түгілі, іштегі мүлігін мемлекет мүлкіне айналдырудың өзі оңайға соқпасы анық. Ұрлады, тонады, заңсыз жолмен байыды деп айту оңай, оның заңсыз екенін заңды жолмен дәлелдеу қажет. Олар күрессіз беріле салмайды. Бұл бір күннің, тіпті бір айдың да ісі емес. 

Ал халықтан сабыр қашқан,  ашу-ызаның температурасы шектен шығып тұр. Жағдайды жан-жақты сараптаудан қалған. Шұғыл талап қоюға, қазақша айтқанда буынсыз жерден пышақ ұруға бейім. 30 жыл бойы алданып келген халықтан бұдан басқа не күтуге болады?

8. Жаңа Қазақстанды бір адам орнатпайтыны түсінікті. Ол бүкіл қоғам болып жұмылғанда ғана орнайды. Президент халықтың сеніміне, қолдауына зәру. Оған ие болу үшін Тоқаевқа ең бірінші уақыт, одан кейін қажымас қайрат, сындарлы саясат, жедел әрекет, батыл шешім қажет. Айтпақшы, дипломатия мен батыл шешім үндестік табушы ма еді өзі?

Айтып-айтпай не керек, жақсы өмір қазақ үшін қол жетпес қиял дүние болып өмірден өтіп жатыр. Неге сондай халықпыз? Алды-артымызды ойлауға шамамыз келмейтін, шаламыз ба?  Арандап қалған, бейбіт митингтің ақиқатына жетпей, сол бағзы замандағыдай, шерменде тарих болып беті болып, безеріп қалады-ау. Шындық жоқ жерде – сенім жоқ. Қазақ жастарын, түрлі дұшпан арандатушы күштер арандатып кетті. Бірақ халықтың көз жасы жібермейді. Ақырын жүріп, анық басуға шама келмей, есеңгіреген ел жастарына сабыр берсін. Арам өлу деген осы. Кім жауапты? 

9. «Nur Otan» партиясының  150 мүшесі мандатынан бас тартып жатыр екен. Кеше ғана «Мен нұротандықпын» деп кеудесін ұрғанда шаңы шыққандарға не болып қалды? Ау ағайын, мандаттан бас тарту немесе саптан шығу абыройлы іс емес. Керісінше пайдакүнем ниет пен «тарысы піскенге тауық болу» пысықайлық есептің көрінісі. Қай партияда болсаң да шынайы ниет, құндылықпен өмір сүр. Оңтайлы сәтті пайдаланып, шапаныңды теріс аударып кигеннің пайдасы жоқ! Сен мұнымен ешкімге опа бермейсің. Ойлан, жағымпаз, жалтақ қазағым! Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы айтпақшы, Ел мүддесі мен ұлт мүддесінің тағдыры шешілер шақты бұғып қалғанның барлығы сатқын! 

Партия «Нур Отан» начала подготовку к внеочередному съезду - Аналитический  интернет-журнал Vласть

10. Жазықсыз жандарға оқ атқандар, нысандарды өртегендер, бейбіт шерушілерді қинағандар кінәлі ме, жазалансын! Мемлекеттің нағыз қылмысқа барғандарды да жазалап жатқанын қостаймыз. Осындай дүрбелеңде басбұзарлық істегендер де жазалансын! Әсіресе қазақтың бұрын-соңды дәстүрінде жоқ менталитетімізге жат нәрсе мүрдені көрден қазып алу деген не деген сұмдық?! Бұны тез арада тоқтату қажет! Бірінші кезекте жазықсыз отырғандар босатылсын! Бұл Аналардың ғана емес, халықтың талабы!

Құрметті Президент мырза! Елдегі барша аналар атынан өзіңізге үндеу жолдап отыруымыз да бекер емес, Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында кері кеткен кездеріміз болса, оған ең басты кінәлі – жағымпаздар мен тоғышарлар. Олар «болмағанды болғандай, толмағанды толғандай» етіп Елбасының өзін адастырды. Ақырында қоғамды тек мақтан мен мадаққа құрылған ақпараттар шарлады. Сөйтіп Елбасының сана-сезімін арбады. Оған балаша сенген елбасы жақсы менен жаманды ажырата алмай, құрдымға қалай құлағанын аңғармай қалды. Бүгінгі Президент осыдан сабақ алып, маңайына абай болуы керек. Күні үшін жүрген, құрт-құмырсқадай қаптағандар ешкімге опа бермейді. Мұхтар Шаханов  айтпақшы: «Даңқ кімнің күліп тұрса басында, сатқындық та күліп жүрмек қасында». Елбасының қателігін Сіз қайталамаңыз. Әділ болыңыз, халқыңыздың үніне құлақ түріп, содан нәтиже шығарыңыз. Сонда сіз қателеспейсіз! Сізге бүгінгі атқарып жатқан игі істеріңізге, Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болуына аналар атынан тілектестік білдіреміз! Халқымызды Аллам қолдасын! Әумин!

 

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 866
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6935
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10772
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7006
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7146