Президент қазақ тіліне мән беретінін айтты

Президент қазақ тіліне мән беретінін айтты

Марқайып қалдым. Тіпті, қуаныштан көзімнен бір тамшы жас ыршып түсті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі туралы мына сөзі құлағыма сары майдай жақты. 

Жуырда Душанбеде «Орталық Азия – Ресей» атты екінші саммит өтті. Бұл жиында негізінен экономикалық мәселелер талқыланды. 

Сөз жоқ, Ресей дегеніміз күллі Орта Азия үшін тек көрші емес, көптеген салада ықпал етіп отырған стратегиялық әріптес. Аймақ елдерінің сауда айналымының үштен бірі Ресеймен байланысты. Бұл тұрғыда алсақ, тіл мәселесі ерекше мәнге ие. Аймақ елдері арасындағы қарым-қатынаста орыс тілі кең қолданылады. Бірақ бұл жағдай қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне ешқандай әсер етпейді. Саммит барысында Президентіміз дипломатиялық шеберлік таныта отырып, Ресей басшысына қарата:

«Қазақ тіліне бұрынғыдай айрықша көңіл бөлінеді», – деп кесіп айтты. Бұл – ұлттық мүдденің жоғары тұрғанының көрінісі. Қазақ тілі бүгінде ел өмірінің өзегіне айналды. Мемлекет басшысы тіліміздің тоқтаусыз дами беретінін нақты айтты. Сондықтан, ана тілімізге еш уайым жоқ. Турасын айтсам, қазақ тілі дамиды және қоғамды біріктіруші алып күш болады деген сенімдемін. 

Ербол МӘНДІБЕК

 

14.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19920
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19741
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34897
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33450
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37264