Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

Президент Жолдауын жүзеге асыру  жолдары талқыланды

Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің VI пленумы өтіп, онда Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан кейінгі міндеттер қаралды.

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов жасанды интеллектіні дамытудың стратегиялық маңызына тоқталды.

– Жасанды интеллектіні дамыту – бұл тек технологиялық үдеріс емес, экономиканы жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық бағыт. Әлемдік тәжірибе оның түрлі саладағы тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан жаңа технологияларды өңірдің даму басымдығына айналдыру – біздің негізгі міндетіміз, – деді С. Шәпкенов.

Пленумда өңірдегі цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Қазір облыста геопортал әзірленіп, оның аясында 53 мыңнан астам электронды қызмет көрсетілген. Бұл жүйе жер қатынастары мен инженерлік инфрақұрылым салаларындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Target-E» компаниясымен бірлесіп, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитика жүйесі іске қосылған. Аталған жүйе қалада орнатылған 75 AI камерасының деректері арқылы талдау жүргізеді. Жалпы облыс аумағында 61 мыңнан астам бейнебақылау құрылғысы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында радиологиялық жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Ол онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға және өкпе мен сүт безі обырын 1 миллиметр шамасынан бастап көруге мүмкіндік береді. Жаңа жүйе «PACS» платформасымен біріктіріліп, 20 медициналық мекемеде іске қосылған. Нәтижесінде диагностика сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Пленум   соңында   аймақ  басшысы Серік Шәпкенов облыстың дамуына және жастарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагерлерге Алғыс хат табыстады.

 

05.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 347
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 352
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20651
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20441
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35538
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34103
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37972