ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАШАНДА ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЯДЫ

ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАШАНДА ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЯДЫ
Мемлекет басшысы Ел Президенті болып сайланған күннен бастап «әділдікті» ту етіп келеді. Өйткені қордаланған кез келген мәселенің түбінде әділетсіздіктің тұрғаны белгілі. Сол себептен мемлекеттік маңызы бар барлық құжаттарда «әділдік» ұғымына жүгінеді, заң мен тәртіптің үстемдігіне мән береді. Оны сөз жүзінде айтып қана қоймай, іс жүзінде де дәлелдеп отыр.
Соның негізінде ауқымды саяси реформалар қарқынмен жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа саяси мәдениет қалыптасып, қоғамдық және саяси сана жаңғырды. Әлемде орын алған түрлі қақтығыстар мен шиеленістерге, қауіп-қатерге, ғаламдық экономиканың құлдырап жатқандығына, тіпті табиғи опаттардың жиі-жиі болып отырғандығына қарамастан Қазақ мемлекеті еңсесін еш уақытта түсірген емес. Керісінше, озық елдердің тәжірибесінен пайдаланып, саяси-экономикалық саланың дамуына едәуір көңіл бөліп отыр. Мемлекеттің барлық саласын ілгерілету бойынша ел алдындағы парызы мен міндетін толық атқарып келеді.
Мемлекеттің алдында, мемлекетті басқарып отырған Ел Президентінің алдында бір-ақ мақсат тұр – Ұлттық мүддені қорғау және мемлекеттілікті сақтау. Бәрінен қымбат тұратын Тәуелсіздікті нығайту. Сондықтан Мемлекет басшысы ұлт мүддесін, мемлекеттік мүддені әр уақытта бәрінен де жоғары ұстайды.
Қазақ елі – алысы бар, берісі бар, барысы бар, келісі бар ел. Біздер томаға-тұйық өмір сүріп отырған ел емеспіз. Сыртқы саясатымызды дамытуымен қатар ішкі саясатымызды, ішкі саясатпен қатар сыртқы саясатты дамытып отырамыз. Сол себептен кез келген саяси мәселе мұқият қаралады. Таразыға тең түседі. «Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай» асқан ықтияттылықпен жүргізіледі.
Бүгін біздерді түрлі дау-дамайға салып жібергісі келетіндер жоқ емес. Тіпті Тәулсіздігімізге нұқсан келтіруді мақсат еткендер де бар. Жүргізіліп жатқан ауқымды іске көлеңке түсіріп, мемлекетті әлсіреткісі келетін, не болмаса ынтымақ пен бірліктің қадірін түсінбей, арзан да, пәни дүниеге алданған, жеке қара бастың мүддесін бірінші орынға қоятындар да жоқ емес, бар.
Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, тіпті әрбір қадамын мұқият бақылап, ақылмен, парасат биігінен пайымдайтын жандар қандай қиындықтар мен кедергілерді бірге еңсергенімізді, қандай байсалды істердің атқарылып отырғандығын анық көре алады. Алыс-жақын көрші елдермен құрған қарым-қатынасты қандай тиянақтылықпен, ықтияттылықпен жалғастырып жатқанын байқау қиын емес. Біздер өткеніміз бен бүгінімізді әділ бағалап, болашаққа сеніммен қарауға тиіспіз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
 
 

Malik Nurzhanuly әлеуметтік желі парақшасынан
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 45
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 111
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 88
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 40
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 95
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 111
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 95
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 93
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 104
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 96
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 107
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 102
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 317

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9333
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8723
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11952
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9724
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10933