Ағымдағы жылдың 27 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Президенттік жастар кадрлық резервшісі – “Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company” Ltd, Институционалдық серіктестер департаментінің басшысы – Жанар Нұржанқызы Нұржановамен мемлекеттік органдардың жас мемлекеттік қызметшілері үшін онлайн форматта кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Жанар Нұржанқызы Президенттік жастар кадр резерві жобасы еліміздегі дарынды әрі талантты жастардың ашық және тиімді әлеуметтік саты құруына, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру жолында тәжірибелі жастарды мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға мүмкіндік беру мақсатында қолға алынған жоба екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Жанар Нұржанқызы жастарды қоғам өміріне белсене араласуға, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мен мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеруге шақыра отырып, еліне қызмет ететін әр азаматта ұлтжандылық рухтың болуы ерекше маңызға ие екенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында спикер өзінің қызмет бабындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, қатысушыларды қызықтарған сұрақтарға мардымды жауап берді.
Айта кету керек, өңірдің жас мемлекеттік қызметшілері бүгінгі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында қайта даярлау курстарынан өтуде.