Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтырукешені мен мәдениет үйі салынады. Тұрғындар бірнешежыл бойы жергілікті биліктен осы мәселені шешуді сұрапкелді және бұл сұрақ наурыз айында Қарағанды облысыныңәкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесуде көтерілді.
Сол уақыттан бері не істелді және әлі де қандайжұмыстар істеу керектігін аймақ басшысы өзі тексеріп, тұрғындармен кездесті.
– Сіздер үш негізгі мәселені көтердіңіздер. ДСК, Мәдениет үйінің құрылысы, стадионды жөндеу. Бұл үш іріжоба, біз оларды облыстық бюджеттен қолдаймыз. Спорт нысандары бойынша процесс басталды. Мәдениет үйібойынша да қаржыландыруды толық көлемде қамтамасызетеміз, – деді Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде.
Қала әкімі Сапар Сатаев ДСК құрылысына конкурс жарияланғанын хабарлады. Мердігерді анықтағаннан кейінжұмыстар басталады, жоба екі жылдық. Мәдениет үйібойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарлануда.
50 жыл бұрын салынған қалалық стадион толығыменөзгереді. Авариялық мінбелер қайта құрылады. Футбол алаңына жасанды көгал төселіп, тартан жүгіру жолдарыжасалады, хоккей корттары, воркаут-алаңдар орнатылады.
Сапар Сатаевтың айтуынша, наурыздағы кездесуденкейін барлық мәселелер шешілді. Мысалы, кәсіпкерлер өзнысандарын орталық жылу жүйесіне қосу мәселесінкөтерді. Қазір бұл мәселе жұмыс барысында, жылутрассасын кеңейту басталды. Биыл қалалық қонақ үйлердіңбіріне жылу беріліп, келесі жылы тағы бірнеше ШОБ нысандары қосылады.
Биыл қаланың өзі айтарлықтай өзгерді, анағұрлымкөгалдандырылды. Мұнда 6 мыңға жуық ағаш пен 18 мыңбұта отырғызылды.
Шашыратып және тамшылатып су құю әдісі бар жаңасуару жүйесі орнатылды.
Туризмді дамыту үшін қалалық жағажай аумағынабаттандырылды. Мұнда волейбол мен футбол алаңдары, воркаут-аймақтар, балалар ойын кешендері және басқа да белсенді демалыс орындары пайда болады.
Кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғынүйлер салынуда.
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша биыл бес қабаттыекі үй пайдалануға беріледі.
Ондағы пәтерлерді әлеуметтік осал санаттағы 90 отбасы алады.
Тұрғындардың айтуынша, еркін микрофон форматындағы мұндай кездесулер өте тиімді.
– Мен Приозерск қаласында 26 жыл тұрамын. Қазірқалада көптеген жақсы өзгерістер болып жатыр. Әрине, мұндай кездесулер адамдардың мәселелерін шешугекөмектеседі. Наурыз айында облыс әкімімен кездесуде төртсұрақ қойдық. Олардың барлығы назардан тыс қалған жоқ. Бүгін тағы бірнеше мәселе айтылды. Олар өз шешімінтабады деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны МахаббатЮнусова.
Жеңіс Қасымбек жеке қабылдау да өткізді. Әңгіметұрғын үй құрылысын, жолдарды жөндеуді жалғастырутуралы болды. "Балбөбек" балабақшасы блогыныңқұрылысын аяқтау туралы мәселе көтерілді. Өңір басшысыәр мәселе бойынша тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі қалалар мен аудандардағы тұрғындармен кезекті кездесулерді бастайды.