ПРОКУРОР ПРЕЗИДЕНТКЕ ЕСЕП БЕРДІ

ПРОКУРОР ПРЕЗИДЕНТКЕ  ЕСЕП БЕРДІ

«Бас прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ прокуратура органдарының өткен кезеңдегі жұмыстарының қорытындысы туралы мәлімет берді», – деп хабарлайды Ақорда. Атап айтқанда, Берік Асылов мемлекет басшысына «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғанын баяндаған. Сондай-ақ, ол Президентке қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалғаны жөнінде айтқан. Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілген. 183 сотталушының жағдайы жақсартылып, 20 адам ақталған. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген.

Берік Асыловтың сөзінше, жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері анықталған. Индустрия министрлігі кен өндіруге дайын тұрған 144 кен орнын барлауға келісімшарттар берген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 млрд теңге төлемегені анықталған. Сонымен қатар, бас прокурор экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылғанын атап өткен. Одан бөлек, прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 млрд теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 млрд теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылған. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылмақ. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 108
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 107
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 625
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 743
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 655
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 665

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411