Путин Украина мен Ресей қарым-қатынасын түзетудің үш шартын атады

Путин Украина мен Ресей қарым-қатынасын түзетудің үш шартын атады

Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донбасс республикаларының егемендігін тану аясында Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін бірқатар шарттар орындалуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Ең алдымен Севастополь мен Қырымда тұратын халықтың еркін мойындау керек. Оның Косоводағы оқиғадан қандай айырмашылығы бар? Косовода шешімді парламент қабылдады, ал мұнда жалпыхалықтық референдум қабылдады. Ешкім халықтың басына мылтық кезеп, сайлауға апара алмайтынын атап өткім келеді. Олар өз еркімен келуі керек. Және олар Ресеймен қайта қосылу туралы шешім қабылдады. Демократияның ең жоғарғы түрі – референдум», - деді Путин баспасөз мәслихатында.

Ол Украинаның НАТО-ға қослуына қарсы екенін мәлімдеді.

- «Екіншіден, біз Украинаның НАТО-ға қабылдануына үзілді-кесілді қарсымыз, өйткені бұл бізге қауіп төндіреді. Үшіншіден,  Донбасс мәселесін бейбіт келіссөздер және Минск келісімдерін орындау арқылы шешу қажет. Ең маңыздысы - бүгінгі Украинаны демилитаризациялау, өйткені бұл жалғыз бақыланатын фактор», - деп атап өтті Путин.

Оның айтуынша, Ресей шенеуніктері мен дипломаттары бұл талаптарды АҚШ, Еуроодақ басшылары және НАТО-ға мүше елдермен келіссөздер барысында айтқан.

26.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 96
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 616
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 734
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 646
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 655

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8190
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11418
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9172
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10403