Путиннің бұнысы не?

Путиннің бұнысы не?

«АҚШ бұрынғы кеңес елдерінің жерінде әскери база салмасын, олардың ешбірін НАТО-ға мүшелікке қабылдамасын», – деп Ресей байбалам салды.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі «қауіпсіздіктің кепілдері туралы» АҚШ пен Ресей арасындағы келісімнің жобасын жариялады. Келісімді тек Ресей әзірлеген екен. Ол жерде АҚШ бұрын КСРО-ға мүше болған мемлекеттердің территориясында әскери база құрмау туралы міндеттеме алуы тиіс екен. Осыдан екі апта бұрын ғана Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Америка құрама штаттары қорғаныс министрліктерінің өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылағанын еске салайық. Онда АҚШ пен Қазақстанның өзара іс-қимылындағы негізгі басымдық әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери медицинаны және инженер кадрларды даярлау мәселелеріне бағытталатыны айқындалды. Енді Ресей өзінің осы ұсыныс келісімімен АҚШ Қазақстанмен қорғаныс саласында ешқандай ынтымақтастық құрмай, бар жобаларының бәрінен бас тартсын дейді. Путин осы ісімен біздің және АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындамайтын секілді.  Бәріне не істеу керектігін айтып, билеп-төстеуге ыңғайланғысы келгендей. Бұл Ресейдің тәуелсіздігімізге қол сұғуы емес пе? 

 

Ермек САХАРИЕВ
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5680
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5826
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20802
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19425
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22890