Қадірлі Сәуле Мешітбайқызы!

Қадірлі Сәуле Мешітбайқызы!

Құрметті «Qazaqstan dauiri» халықаралық газетінің ұжымы! 

Еліміз жаңа тәуелсіздік алған жылдары бауырлас Түркия елімен ортақ мүдде мен мұрат жолында  жарық көрген іргелі басылымға биыл 30 жыл толып отыр. Жүрегі қазақ деп соққан жампоздардың ерік-жігерінің арқасында  жұмысын жемісті жалғап келе жатқан газет ұжымын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Газет 30 жылдық тарихында  ұлттық мүдде мен елдік мұратты дәріптеп, ел руханиятының өзекті мәселелері жөнінде үздіксіз салмақты сараптамалық мақалалар жариялап, жаңа дәуірдегі қазақи болмыс пен сананың тереңдеуіне зор үлес қосып жатыр. Халықаралық басылым өндірісті өлкеде орын алған ірілі-ұсақты оқиғаларға да өзіндік үнін қосып келеді. 

«Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің қазақ тілінің қоғамдық мәртебесін нығайтуда, тарихи-танымдық ой-өремізді кеңейтуде, ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттауда қызметі ерекше. Газеттің алғашқы редакторы Қалтай Мұхамеджанов бастаған қабырғалы қаламгерлер қызмет еткен редакцияда бүгінде талантты тілшілер мен кәсіби мамандар еңбек етіп, ісі мығым, ұстанымы берік, отаншыл азаматтардың ізін жалғап, алға қарай нық адымдап келеді.

Әрдайым қазақтың рухын биік ұстаған басылымның ұжымына шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін! 

 

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 95
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 96
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 100
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 71

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1318
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7363
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11231
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7416
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7569