«Қайраттан» Қайрат кетті

«Қайраттан» Қайрат кетті

Алматылық «Қайрат» футбол клубының тағдыры не болмақ? Елімізде қазақ футболының дамуына үлес қосып жүрген жалғыз жекеменшік құрама қала меншігіне өте ме? 70 жылға жуық тарихы бар, халықтық командаға айналған «Қайрат» футбол клубы 2011 жылдан бері ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Наурыздың 15-і күні қамауға алынған кәсіпкердің тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ал «Қайрат» футбол клубының алдағы тағдыры әлі де белгісіз. Боранбаев қамалғаннан кейін құрама 7 ойында 1 ғана жеңіске жетті. «Басшылары қамауға алынды» дегенді естіген ойыншылар«ақша төлемейді» деп,ойынға құлшыныстары өшіп, әсіресе шетел футболшылары өзінің басшыларын емес, өз қалталарын уайымдай бастаған секілді. Ондай болса неге «Қайрат» футбол клубын толықтай қала меншігіне өткізіп, ақшасы аз болса да,өз қалтасын емес, ел намысын ойлайтын жергілікті футболшыларымызды ойнатқызбасқа? Боранбаев тұсында тағы бір қазақ футболының дамуына үлес қосқан нәрсе– елімізде бұрын-соңды болмаған футбол академиясын ашуы, бірақ одан қазақ футболы дамып кетті деп айту қиын. Бұл академияның ауыз толтырып айтарлықтай жемісін көрген жоқпыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені аты-шулы академияға ауылда топырақта аунап,  доп теуіп жүрген қазақтың қарапайым баласы түсе алмайды. Бұған түсетіндер тек қана ақшасы бар,«Бәке, Сәкенің» балалары, ал ол балалар жиырмаға таяған шақта ақшаның дәмін сезіп, ішіп-шегіп, қыдырғыш болып, футболдарын тастайды. Осыдан кейін қазақ футболы қайдан дамысын? «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» деген сөз бар қазақта,  ал «аяғы қисық болса да, бай баласы ойнасын» дегенге сіз қалай қарайсыз?

Одан бөлек осы уақытқа дейін Боранбаев иелік еткен қаламыздағы ЖШС «aParking»тұрақтары мен «ФИТОХИМИЯ» ғылыми-өндірістік кешені мемлекетке қайтарылды.

 

Ермек Сахариев
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 104
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 105
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 212
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 218
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 432
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 396

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9089
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8486
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11714
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9480
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10695