Қайсар да батыр мінезді ұландар қатысқан халықаралық турнирде 400-ден астам боксшылар күш сынасты

Қайсар да батыр мінезді  ұландар қатысқан халықаралық турнирде 400-ден астам боксшылар күш сынасты

Алматыда Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт қайраткері, бокс жаттықтырушысы Әлімқұл Бүркітбаевтың 80 жылдығына орай бокстан халықаралық еске алу турнирі өтті. Әлімқұл Бүркітбаев 1942 жылы 16 наурызда Шу ауданында дүниеге келген. Қазақстандық спортшы, ғалым, жазушының тағдыры – шым-шытырық. Балалық шағы балалар үйінде өткен. Кейіннен Бішкек (Фрунзе) дене тәрбиесі институтын, Пекин университетінің шығыс медицинасы факультетін бітірген. Жастайынан алғыр, спортқа машықтанған бұла жігіт – бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. Спорт тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, профессор атанған. Спорттан бөлек ғылым және шығармашылықпен айналысқан, Жамбыл облысының спорт комитеті төрағасының орынбасары, ҚСР Оқу министрінің көмекшісі, Абай атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Спортпен қатар жазушылықты бірге алып жүрген боксшы  Қажымұқан жайында деректі кітап пен ғылыми зерттеулері, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» сынды еңбектері бар. Талай ұрпақты тәрбиелеп өсірген білікті бапкердің шәкірттері мен ұлдары Бақыт Бүркітбаев, Серік Бүркітбаев, Дархан Мыңтаев, Асхат Шуелбаев  бүгінде ұстаздарының 80 жылдығына орай бокстан еске алу турнирін өткізіп отыр. 

«Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды», – деп Абай атамыз айтқандай, маусымның 22-26 аралығында төрт күнге созылған аталмыш додада еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, сонымен қатар көршілес Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінен де ат терлетіп келген 400-ге жуық спортшы 24 салмақта сайысқа түсті. Ресейден  үш құрама – Түмен, Орынбор, Омбыдан құрамалар келді.  Ал Тәжікстаннан Азия біріншілігіне қатысатын негізгі құрама келді. Тәжікстанның 5 боксшысы, оның ішінде 52 келі салмақта тәжік Фахриддин Закиров чемпиондық атаққа ие болса,  Ресейдің 2 боксшысы жүлдеге қол жеткізіп, қалған 17 жүлдемен  қазақ боксшылары жанкүйерлерін қуанышқа кенелтті. Бұл додаға нәзікжандылардың қатысқанын да айта кетейік.       Қыздар арасында жүлделі орын алып, ерекше көзге түсіп, 40 келі салмақта Айым Танкибаева топ жарды. Бапкері – Болатбек Райх. Алматы қаласында өткен еске алу турнирінің әр күні тартысқа толы болды. Шаршы алаңға көтеріліп, қолғап түйістірген жасөспірімдер мен балалар бокс өнерінің қыры мен сырын меңгеріп келе жатқандықтарын аңғартты. Төрелік еткен Лашкаров Камиль, (Тәжікстан), Асаулов Рашид, (Қазақстан), Тагдибиев Расул, (Ресей),  Поль Тузенде (Гватемала) сынды төрешілер – IBO Халықаралық бокс ұйымының жоғары дәрежелі мамандары. Сонымен қатар қонақтардың арасында боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының күміс жүлдегері, (1994 Бангкок, Тайланд) Азия ойындарының жеңімпазы, (1994, Хиросима, Жапония) Азия чемпионы (1994, Иран, Тегеран) Қанатбек Шағатаев жарыстың қадірлі қонағы болды. 

«Бұл турнирдің мақсаты – балаларды, жасөспірімдерді спортқа баулу, бокс саласын дамыту, ертең халықаралық аренаға шығаратын қазақ балаларды дайындау. Әлімқұл ағай өзі 52 келі салмақта өнер көрсеткен, сондықтан осы салмақта арнайы жүлде сыйлығымыз болды. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – Әлімқұл ағайымыздың ізін жалғастыру», – деді турнирді     ұйымдастырушылардың бірі Дархан Мыңтаев. 

Белгілі боксшы Бейбіт Есжановтың сөзінің жаны бар. Жарыстарға жиі қатысқан сайын жас боксшылардың шеберлігі арта түседі. Мұндай додалар жасөспірімдерге қанат бітіріп, халықаралық аренада еліміздің көк туын желбіретер спортшыларымыз осындай додалардан шығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир мұнымен тоқтап қалмай, келесі жылы Әлімқұл Бүркітбаевтың туған жері Шу қаласында өтетін болады.

 

Рауан МУТАИР, Жандаулет Дигарбеков
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680