Қала аумағында 47 шаруа қожалығы көктемгі егіс жұмыстарын бастады

Қала аумағында 47 шаруа қожалығы көктемгі егіс жұмыстарын бастады
Қала аумағында 47 шаруа қожалығы көктемгі егіс жұмыстарын бастады
🧅Қала аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 47 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылға шаруа қожалықтары тарапынан 460,58 га жерге егін егілуде. Атап айтқанда, пияз – 135,68 га, жоңышқа – 151,48 га, қызанақ – 9,05 га, қияр – 2,03 га, қант қызылшасы – 20 га, жүгері – 44 га, құлпынай – 4 га, алма – 28,59 га, т.б. өсімдіктер – 0,8 га және пар жерлер – 64,95 га.
🌽Қант қызылшасы және жүгері егу жұмыстары сәуірдің соңында толық аяқталады. Ал қызанақты мамырдың басында егу жоспарланған.
Шаруа қожалықтары егістік алқабын суғару үшін суды Жамбыл ауданындағы 3 канал арқылы алады.
🔷«Кіші тоған» каналынан 6 шаруа қожалығы маусымына – 2,5 млн.куб метр су, және «Аса – Талас» каналынан 20 шаруа қожалығы маусымына – 26 млн куб метр су алады. Суға деген тапшылық туындамайды.
🚜Шаруа қожалықтарының мешігінде барлығы 17 техника бар (1 комбайн, 7 тарктор, 9 жүк көлігі және жер жырту соқасы, жер қопсытқыштар, тырмалар, шөп орғыштар, дән сепкіштер, картоп қазғыш тіркемелері). Техникалар толығымен жұмысқа жарамды.
🍓Бүгінгі таңда «Аулиет» ШҚ пияз – 30 га, құлпынай – 4 га, алма бағы – 23,91 га және «Каби-2» ШҚ пияз – 40 га егіс жұмыстарын жүргізуде.
Тараз қаласының әкімдігі
08.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5202
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425