Қаладағы қоғамдық көліктердің қызметі талқыланды

Қаладағы қоғамдық көліктердің қызметі талқыланды
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесі бойынша қалалық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Әуелі қалалық тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғабит Алтаев сөз алып, көне шаһардағы қоғамдық көліктердің бүгінгі жай-күйіне тоқталды.
Бұдан соң қоғамдық кеңестің құрылыс, энергетика, инфроқұрылымды және коммуналдық салаларды дамыту жөніндегі комиссиясының төрағасы Рахманқұл Байтелиев жоғарыда аталған мәселелер бойынша қабылдаған ұсынымдардың орындалуы жөнінде жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесі жөнінде баяндады.
– Шаһарда қалаішілік жолаушылар тасымалымен 9 мердігер компания айналысады. Олардың иелігіндегі 340 автобус күнделікті 34 бағытта қызмет атқарады. Ал мұндағы жалпы саны 340 автобустың 279-ы жекеменшік, ал қалған 61-і жалға алған көліктер. Қала көшелерінде жүрген автобустардың техникалық жағдайына келер болсақ, олардың 84-інің немесе 25 пайызының пайдалану мерзімі 7 жылдан, кейбірінікі 10 жылдан асып, әбден тозығы жеткен, – деді Рахманқұл Тұрсынқұлұлы.
Баяндамашы автобус жүргізушілерінің мәдениеті, жол ақысын төлеу жүйесі, серіктестестіктерге бөлінетін субсидия бойынша да бірқатар мәселе бар екенін ашып айтты.
Өз кезегінде кеңеске қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Бақытжан Орынбеков қоғамдық көліктердің қызметінде кемшіліктердің бар екенін жасырмады.
– Бүгін көтерілген мәселенің барлығы аса маңызды. Кемшіліктердің бар екені де жасырын емес. Әсіресе, автобус тапшылығы тұрғындарды алаңдатып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығына 200 автобустың қажеттілігі туындауда. Сондықтан біз алдағы 3 жылда шаһарға 200 қоғамдық көлік сатып алуды көздеп отырмыз. Сол арқылы бұл мәселенің де шешімі табылады. Содан соң қаланың экологиялық жағдайын ескере отырып, енді келетін автобустардың барлығы газбен жүретін болады. Ол үшін газ құю стансасы салынуда. Құрылыс жұмыстары наурыз айында толығымен аяқталады деп күтілуде. Субсидия бөлу мәселесінде де түйткілдер өте көп. Бұл жағдайды біз серіктестіктермен, өздеріңізбен кеңесе отырып шешетін боламыз, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Тараз қаласының әкімдігі
07.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9158
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765