«Қамқорлық» орталығы туралы не білеміз?

«Қамқорлық» орталығы туралы не білеміз?

Еліміз егемендік алғалы бері отандық медицина саласындағы жетістіктерді мемлекеттің қамқорлығынан бөле қарауға болмайтыны баршамызға түсінікті болса керек. Тәуелсіздіктен бері қарайғы 30 жылдағы Қазақстан медицинасының жетістіктері ең алдымен емдеу мекемелерінің көптеп ашылуымен көзге түсетінін ескерген жөн. Бұл саланы зерттеген мамандардың деректеріне жүгінер болсақ, еліміз егемендік алғалы бері мемлекет                  бойынша 900-ге түрлі санаттағы емдеу мекемелері бой көтеріпті. 1990-жылдардағы «тоқыру жылдары» болып тарихқа айналған кездері отандық медицина саласы да тоқыруға ұшыраған еді. Арада бірнеше жыл өтіп, Қазақстан экономикасында оң өзгерістер байқала бастаған 1997-1998 жылдардан бастап, бұл салаға да «жан кіре» бастаған екен. Сонан бергі уақытта мемлекеттік деңгейде қабылданған түрлі бағдарламалар еліміздің емдеу, денсаулық сақтау саласына айтарлықтай серпін берді. Бұларды да саусақпен санап тұрып айтуға болады. Яғни алғаш рет қабылданған «Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы», «Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Саламатты Қазақстан» онан кейін қабылданған «Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» болып жалғасып келе жатыр. Соңғы қабылданған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы өз нәтижесін бере бастады. Аталмыш бағдарлама аясында бұл салаға мемлекет қазынасынан кезең-кезеңімен қомақты қаржы бөлініп әрбі саланы дамыту көзделіп отыр.

Егемендіктің 30 жылында Қазақстан Кардио-хирургиялық ота жасауда үлкен жетістіктерге жетті. Қазір елімізге жүрегін емдетуге келетін шетелдіктердің көбейіп келе жатқандығы соның бір айғағы болса керек. Ал трансплантология саласындағы қарқынды дамуды да мамандар жақсы бағалап отыр. 

Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу мекемелері мен ғылыми-зерттеу институттарыда түрлі күрделі оталар жасалып, ажалмен арпалысқан дәрігерлер халықтың алғысына бөленіп жүр. Солардың қатарында қаламызда өнімді жұмыстар атқарып жатқан «Қамқорлық» орталығын айта кеткен жөн. «Қамқорлық» орталықтарын ашу бастамасы негізінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасы еді. Осы игі істі соңғы кезде Денсаулық сақтау министрлігі соңғы қабылданған «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасының  «Аурулар кезіндегі медициналық көмек және медициналық оңалту міндеті» деп аталатын бағытына сай дамытып жатыр. Бас қаламыздағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығы 3 айдан бастап 3 жасқа дейінгі балаларда кездесетін психоневрологиялық ауруларды емдеумен айналысып жатыр. Қазір бұл орталықта қозғалыс дағдыларын дамытатын жаңа технологиялар пайдаланылады, сонымен қатар оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлар, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады. Есту қабілетінің бұзылуын ерте кезеңдерде анықтау үшін «тіркеуге арналған аудиометриялық модуль» орнатылған. Невропатологтар мен реабилитологтардан бөлек, дефектолог, логопед, сурдолог, эрготерапевт және емдік дене шынықтыру нұсқаушылары секілді мамандар да жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Босандыру және ана денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаеваның таныстыруына қарағанда елордадағы «Қамқорлық» орталығы қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр екен. 

– «Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында астанамыздан бой көтерген орталық қазіргі таңда кешенді түрде жұмыс істеп жатыр. Орталық мамандары әр балаға қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Олар балалардағы аурулардың ерекшеліктерін ескереді. Орталықта емдік дене шынықтыру, кинезотерапия, механотерапияның күнделікті жеке сабақтары қарастырылған. Орталыққа келетін балаларда көбінесе жүйке жүйесі аурулары, туабітті ақаулар мен хромосомалық бұзылыстар байқалады. Жыл басынан бері бұл орталыққа 3700-ден астам бала келіп, түрлі ем-домдар қабылдап кетті. Елімізде ресми тіркеуде тұрған оңалту қызметіне жүгінуді  қажет ететін 90-мыңнан астам бала бар. Қазір Нұр-Сұлтан қаласынан өзге аймақтарда да «Қамқорлық» орталықтары ашылып жатыр», – дейді Айгерім Лебаева ханым.

Сенімді дереккөздердің хабарлауынша, қазіргі таңда еліміз бойынша ерекше қажеттілігі бар 94 мың бала бар екен. Бір қуанарлығы осындай қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету ісімен айналысатын қоғамдық қорлар өз қаражаттарымен науқастарға тегін көмек көрсетуді жүзеге асырып жатыр. Ал Елбасының бастамасымен қолға алынған жобаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан аумағында 10 Қамқорлық орталығы, 17 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 8 орталық ашылған екен.

Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды кезең-кезеңімен 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр екен. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде балаларға арналған 36 оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. 

Мұндай игі бастамаларға мемлекеттің қолауынан бөлек түрлі қоғамдық қорлар да атсалысып жатыр. Солардың қатарында жетім, мүмкіндіктері шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру. Қор өз қызметін балалардың медициналық мекемелері, балалар үйлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттары арқылы жүзеге асыруды мақсат ететін «Дара» қоры бұдан өзге балалардың денсаулығын жақсартуды мақсат ететін «Милосердие» ерікті қоғамы, «Здоровье детям» қоғамдық қоры, «Ашық Әлем» қоғамдық қоры, «Ақ жол-М» қоғамдық қоры, «AINAR» қоғамдық қоры қатарлыларды атауға болады. Сонымен қоса аз қамтылған отбасылардың және балалар үйлерінің нейро-ортопедиялық аурулары бар балаларды қолжетімді және сапалы оңалту үшін жағдай жасауды мақсат ететін «Қасиетті Жол» қайырымдылық қоры қатарлы қорлар қаржылай көмектер көрсетумен шұғылданып отыр.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8441
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11668
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9431
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10648