Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова: «Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте педагогтердің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалады немесе бекітіледі және жалақының 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленеді. 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтар ұлттық біліктілік тестілеу тапсырудан босатылып, тек қызмет нәтижесінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады. Сондай-ақ ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижелерін жан-жақты қорытындылау арқылы «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысса, онда ҰБТ-дан босатылады. Сонымен қатар зейнет жасына шығуға төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады. Аттестациядан өту кезеңдері де қайта қаралды. Бірінші кезеңде мұғалімдер білім беруді ұйымдастыру барысында біліктілік бағалаудан өтеді. Одан кейін өз қызметінің нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын тапсырады, яғни олар портфолиосын сараптамаға ұсынады. Келесі кезең – ұлттық біліктілік тесті»,— деп түсіндірді.