Қаңтар қырғынының жарасы тек әділдік орнағанда ғана жазылады

Қаңтар  қырғынының  жарасы  тек әділдік орнағанда ғана жазылады

Қаңтар  қырғыны  бойынша  біздің  миымызға ескі  Кеңес   Одағының  тарихындағы  оқиғалардан  үзінді  келтіруге тура  келетін жағдай болып  тұр. Өткен  ғасырдың  30-40  жылдар  аралығында  өзіндік  ой  жүйесі  бар адамдарды  ұстап, түрмелерге  қамап, жауап  алып  қамалушының   еш  кінәлі  екені   анықталмаса,  органдар  оған  жапон  тыңшысы  екенін мойындату  үшін  түрлі жолдармен  азаптайтын. Мысалы тырнағының  астына  ине  тығатын, үтік  қыздырып  басатын. Ақыры  қамаудағы  адам  өзінің  жапон  тыңшысы  екенін  мойындайтын  да, атылып  кете баратын.  Ол  кісіге  күнделікті  осындай  адам  төзгісіз  қинау  мен зорлауға  төзүден   гөрі   атылып  кету  жеңілдеу  болатын.  Адамды  осындай  тәсілмен  қинау  кейін  фашистік  Германияда  қолданылды. Қазақстандағы адамдарды қинап  өлтірү  қаңтар  оқиғалары   арқылы белгілі болды. Адамды  қинаудың небір айуандық, жетілдірілген тәсілдерінің қолданылғанын  зерделесек, тәуелсіздік  жылдары  қолданылып, дамытылғанына куә боламыз.

 

 «Бүйтіп  қинағанша атып  тастаңдаршы» – деп  жалыныпты Талдықорған  қаласындағы  қамалған қазақ. Бас  Прокуратураның мәлімдеуінше,  191 жендеттің  үстінен іс  қозғалған. Ол  істер жақын арада  бітпейді. Істі  қозғаушылар  қоғамдық пікір  қалай ойысар екен  деп  ойлануда.  Айыптаушылар үшін  жендеттің   жасаған  қылмысы  мен  оған  тағайындалған  жазаны  сәйкестеу  емес,  қылмысты азайтыңқырап, қоғамдық  пікірді  соған үйлестіру.        

Жаңаөзен   оқиғасы  барысында  біздің  ел  басқарушылар «Жаңаөзен  оқиғасын  Америка  ұйымдастырды»  деген  қортынды  шығарды. Билік өзінің  7  ай бойы  «мына  кісілер  мына жерде  неге тұр?» деп  адамдарға  жақын   келіп сөйлеспегенін  айтпайды, әйтеуір бір себеп таба  салады. Алаңда  7  ай бойы тұрған 10 мың қазаққа Қазақстан   билігі    мал деп  қарады  10  мың қарусыз  ереуілшілерді  10 мың  автоматпен  қаруланған  әскерилермен  қоршап  тұрып,  кедергісіз атқанда  15  адам  өліпті. Шамасы  мақтамен атқан  болуы керек . Кез келген өтірік  бізге  жарасымды  болып  шыға  келеді. 

 

 Қаңтар  қырғынын  Қазақстанда  лаңкестер, бұзақылар,  террористер  жасапты. Оларды   бір  жерлерде   дайындапты. Тып тыныш  жатқан  Казақстанды  осылай астаң-кестең   жасау  біреулерге  керек  болыпты. Оның  кімдерге  керек  болғаны  үлкен  жұмбақ. Бірақ  тыңдаушының, көрушінің, естушінің  миына  көшеге  шыққандар террористер, лаңкестер, бұзақылар  екеніне  сендіру үшін  және  олардың бір  жерлерде  дайындалғанын бекіту  үшін  талай  жасанды  айғақтар  ойдан  шығарылуы  керек  екенін  қарапайым  адамның  миына шегелеп кіргізуге  бола ма?  Мысалы  қару-жарақ  дүкендерін  тонату  көріністері мен  оларды  наразы  адамдарға  үлестіру  көріністері  нені  айғақтайды?  Ондай  көріністер  мәселенің  түпкі  себептерін лаңкестермен  толтыру  үшін  қолданылады. 

 

Мәселенің  іргетасында  қазақ  халқының  соңғы  30  жылда тоналып, қазба  байлығы  сатылып, егемендігінен  айрылу  қауіпі  қоюланып, жағдайының  ауырлауына  байланысты  халық  көшеге  шықты  деп айтылмау  үшін ана террористер мен  лаңкестер  болмаса  бәрі  ойдағыдай  еді, керемет  еді  деу  үшін. Қазақ  халқының аспанында  біреулердің  30  жыл  тайраңдауына, сайрандауына,  оирандауына  жол  бергендердің  аты-жөні  аталмай,  уақыт өте оқиғалардың мазмұны  көмескілене  бастағанда,  спектакльдерді  қайталау  мүмкіндігін  жіберіп  алмау  үшін   көзіргідей  әрекет,  қимылдар  жоспарлануда. Бізде бәрі   жасырын немесе толық айтылмайды. Құқық қорғаушы 191адамның  қамаудағыларды азаптап, қорлап, сүйектерін  сындырып,  үтік  басып,  тырнағының  астына ине тығып, өлтіріп  зорлағандардың  аты-жөнін,  лауазымын  атаңдар, олар өзбетінше  ондай   тағылықтарға  барды ма ,  жоқ әлде  сондай  нұсқау  алды ма? Әлгі  162  өте  бай  адамдардың  тізімін  неге  жарияламайсыңдар?  Қорғас кеденінде қыруар ақша ысырап  болғаны  айтылады. Бірақ  ол кеден  Болат пен  Дариғаның талауына   берілгені  айтылмайды. 

Жоқшылық  көшеге  кедей  адамдарды  айдап  шығарды. Қазақстан  билігі  өздері  тап  таза, керемет  адамдар,  сіңірі  шыққан адамдардан  лаңкес, террорист,  бұзақы  жасады. 

 

Бірақ  ол  адамдарды  сондай  халге  жеткізген  өздері   екенін  айтқан  жоқ. Халықты ұрып,  соғып,  сүйектерін  сындырып, бағындырып, таптап, жаншудың басында  тұрған  Ұлт  Көшбасшысының  тағайындаған   адамдары неге жазаланбайды? Оларды  Жоғарғы Кеңесші  лауазымына  аспандаттық.  Бүкіл  олигархтардың мүдделерін  қорғаушы,  олигахтардың  қарсыластарын  табан астына салып  беруші  Сот жүйесінде  жағдай  тып-тыныш. Әзірше  ол  жақтағы  адам  айтқысыз  заңсыздықтарға  ешкім  мән  бергісі  келіп  тұрған  жоқ. Сот  жүйесі  арқылы  қазақ  халқының  ішкі  сыртқы  дұшпандары қазақ  геноцидін  іске  асырды.  Тіпті  соттарға  халықты қалауынша езіп  таптауға  жол  берілді Айтылған  пікірді  Ата  Заңнан  алынған  баптармен нақтылап   айшықтайық. Мысалы  75 бапта  «Қазақстан Республикасында сот  төрелігін  тек   сот  қана  жүзеге  асырады». Көрдіңіз  бе, ешқандай  бәсеке   жоқ.  Әділдік жөніндегі  дүниежүзіндегі  барлық   қағидаларды  белінен  басып  тұр. 

 

 Бұл  жерде сіз  әділдік таба  алмайсыз.  Әділдік іздеп  соттың  келесі  сатысына шағымдансаңыз  Сізді  Соттар  жөніндегі  Конституциялық  Заңның  Соттардың  бірауыздылығы  деген 4-бабы күтіп тұр. Ол аз болса Ата Заңның 77 бабының 2 тармағына  сәйкес   « Нақты  істер  бойынша судьялар жауап  бермейді» делінген.  Сонда  Сіз  банкіде  кредиттерің  толып  тұрып, мардымсыз жалақымен көшеге  шықпай  үйде  болуыңыз  керек  екен. Судьяның  сіздің түгіңіз  жоқ  екеніңізде  шаруасы  жоқ, сіздің  көшеге  не  іздеп  шыққаныңыз  оны  қамықтырады. Бәрі  жетіп,  бәрі  артылып  тұрғанда, «ит  басына  іркіт  төгіліп  жатқанда», көшеде не іздеп жүргенің оған  түсініксіз. Сондықтан  ол  сізді  соттайды. Ол  өзі біледі  қалай  соттайтынын. Себебі  «нақты  істер  бойынша  жауап   бермейді». Осындай Заңдары  бар  Қазақстанды  Азиядағы  ең  жабайы  ел  деп  тануға  әбден  болатын сияқты. Халықты  нақұрыстандыру, зомбилау  үшін бүкіл  дүниежүзіндегі  ақпарат технологиясының  барлық  жетістіктері  қолданылуда. Сот шешімдерінде  сіздің  әбден титықтап, қажып, болашағыңыз  қараңғы  тартқаны  айтылмайды, сіздің  кимылыңыздың, пиғылыңыздың  бұзық, лаңкестігіңіз  айтылады. Сіз ұрланған, тоналған мемлекетте  емес,  дамыған, гүлденген  мемлекетте  тұратыныңыз өзінен  өзі  түсінікті  деп  межеленген  Әлгі   дамыған, гүлденген  жағдай  жоғарыдағы 162 адамды  қоршап  тұрған  жарқын  өмір, сізді  де  тербетіп  тұр деп  есептелінген.                                                                             

Алматы  қаласындағы 20 000  лаңкес  аталған  террорист, бұзақы  аталғандардың  ішінде  Қазақстан  соттарына  ризалар, іштері  жылитындар өте аз , не  мүлдем  жоқ.  Ал қазірге  дейінгі  ақпарат  әлемінде  Сот  жүйесі  жөнінде  айтылмайды . Алғашқы  Президенттің  заманында  өзіндік  ойлау  жүйесі  бар  адамдар,  жоғарыға  пікір  айта  алатын  адамдар  орынтақтарында  көп  отырмайтын. Екінші  Президент  қызметіне  кіріскенде  күштік  құрылымдар бірінші  Президенттің  құзіретінде  қалып  қойды. Күштік  құрылымдардың  басшылары бірінші  Президенттің  таңдаулылары. Ол  кісіге  шын  берілгендер. Ол кісінің  тұсында  қазақ   деген  халық  қайыршының  ауыр қамытын  киді, салт-дәстүрден,  тілден  айрылды.

 

 30  жылда  Жұмабай Ташенов  сияқты кісінің  бетіне  тура  қарай алатын бір адам  шықпады. Ондай  адамдар елден қуылды, сотталды, атылды, өлтірілді.   Бір  қысқа мысал келтірейік. Алматы  облысының Алматы қаласына  жақын  төрт  ауданында «Жер сатылады»  деген хабарландырулар көрнекті  жерлерге  ілінген. Ол жер неге  сатылады? Ол кімнің жері?  Алматы  қаласында  бір жарым  миллион  қазақ  орыс пен  ұйғырдың пәтерін  сағалап  күн кешуде. Осындай жағдайды көріп  жүрген  аудан  басшылығы, полициясы, соттары,  прокурорлары  ештеңе  көрмейді,  мына  жағдайдың заңсыз екеніне көңіл аудармайды немесе бәрі бірігіп,  жерді  сатып,  ақшасын  бөлісіп  алып  жүргендер. Қазақ  халқына опасыздық жасап,  Отанын  сатқандар. Отан  деген  ұғымға  тек  жер деген  түсінік  кірмейді.

 

  Отан  деген  ұғымға  қазақ  халқына деген  сүйіспеншілік, махаббат  кіреді. Жұмабай  Ташенов  сияқты лауазым  үшін тізерлемейтіндер  кіреді.  Жоғары  лауазым  үшін  туфли  жалағыш, жалаптар, сүмелектер  кірмейді   Кеңес  Одағының  соңғы  жылдарында коммунизмді  құрушылардың бейнесі  деген тұжырымдама (моральный кодекс  строителя  коммунизма) дүниеге  келген  болатын. Коммунизм  құрушылардың  қолдары  былғанбаған,  жаны  таза  болуы  керек  деп  зерделенген.  Осыған  орай  Жаңа  Қазақстанды  құрушылардың  қолдары  қанға   малынбаған, ұрлыққа  араласпаған, жаны   таза, рухы  биік  адамдардың  бірлестігі  болуы  шарт.  Демек  ұлт  басшылығына  мүлдем  басқа  адамдардың  шоғыры  келуі  керек. 

 

Қазіргі  өтпелі  кезеңде Президент  тағайындаулары  жүріп  жатыр. Тағайындалған  адамдар  сол  өңірлерге, аудандарға, қалаларға  неге келгенін,  мақсатын  халыққа  дауысын шығарып  айтулары  керек. Неге  келді ол жерге? Аймақты өркендету  үшін бе,  жоқ әлде  қит  етсе  полицияны  жіберіп,  тұрғындарды  ұрып-соғып,  тырнағының  астына  ине   тығып, үтікпен  шыжғырып,  тәртіп  орнату  үшін  келді ме? Сондай  мәселелерді  дауысын  шығарып  елге айтуы  керек. Айтылған  ойлардан  туған  түйінсөздер:  

1. Бас  Прокуратура 191 жендеттің  тізімін  жариялаңыздар. Ол  тізім  сіздердің өздеріңіздің  қай  жақта  тұрғаныңызды  көрсетеді. Сіз  қазақ  жендеттерінен іргеңізді аулақ ұстайтын боласыз. 

2.  Қазақстан  Республикасының  55  пайыз  байлығына  ие  болып  тұрған  адамдардың  тізімін  жариялаңыздар. Оларды  көргенде  сәждеге  жығылу  үшін немесе  басқалай  ізет  білдіру үшін немесе  ат  құйрығын  кесісу  үшін. 

3. Халықпен  кері  байланыс  алаңдарын  орнату, байланыс  графигін  жасау,  жауапты  адамдарды  тағайындау. 

4. Ата  Заңды  қайта  жазу, ондағы Сот жүйесі  мен  құқық  жүйесін реформалау, қоғамдағы  олигархтардың орнын,  құзіретін  нақтылау. Мысалы  ауылшаруашылығына   инвестиция  салу мүмкіндігін  қарастыру, сыртқы  қарыздарды  жабу деген сияқты.  

5. Пайдалы  қазбалардан  түсетін  қаражаттың игерілуі. 

 6. Сайлау туралы  әділетті  Заң жобасын жасаңыздар, халықпен  ақылдасыңыздар.    «Аманат»  партиясын  екіге  бөліп,  біреуін  «Жамағат», біреуін  «Қанағат»  деп  атаңыздар. Олар  бір  бірінің  қулық-сұмдығын  біледі,  жамандыққа бастырмайды, бір бірін тежейді. Мүмкін сонда әділет  орнайды.  500  қолмен  партияларды  жасақтап  тіркеңдер.  

7. Демократияық  үрдіс  қалыптастырыңдар. Жағымпаздарға  емес,  білімді  адамдарға  жұмыс  істетіңдер.   

                            

Амангелді НЕСІПБАЕВ
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496