«Қара алтын» тарихи-танымдық орталығы

«Қара алтын» тарихи-танымдық орталығы

Мақат ауданының Доссор кентінде «Қара алтын» тарихи-танымдық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұндай нысанның Доссорда ашылуы кездейсоқ емес. Себебі, 115 жыл бұрын осы өлкеден мұнай табылып, ел экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. 

Музейдің тарихы 1974 жылдан бастау алады. Ол бұрын Сабыр Шәріпов атындағы мектеп-интернат жанынан құрылған. Ал жаңа ғимараттың жалпы аумағы 786 шаршы метрді құрайды. Музейді, кітапхананы және коворкинг- кеңістікті біріктірген орталық аудан тұрғындарына арналған көпфункционалды алаңға айналды. Мұнда инклюзияға да баса назар аударылған. Орталыққа келгендерге тең мүмкіндік ұсынатын Брайль сыныбы бар.

Нысан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қорының қаржылай демеушілігімен салынған. 

Орталықтың ашылуына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Ринат Ізмұхамбетов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, мұнай саласының ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев сөз сөйлеп, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің лебізін жеткізді: 

– Бұл орталықты бір өңірдің немесе ауданның ғана емес, бүтін еліміздің мұнай саласының тарихын айшықтайтын маңызды нышан деп білеміз. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығының осы игі бастамасы мен жоба құрылысына қосқан үлесіне ерекше алғысымызды білдіреміз. 

Мақат аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Құралай Айдаралиеваның айтуынша, бастапқыда музей қорында 314 экспонат болса, бүгінде олардың саны шамамен 5 000-ға жеткен. Ең құнды жәдігерлердің қатарында 1923 жылғы мұнай кен орнын тексеру картасы және 1926 жылғы бұрғылау жұмыстарының журналы бар.

– Бұл орталық – өткеннің өрнегі, тарихты «сөйлететін» және ұрпақтар сабақтастығын бекіте түсетін рухани орда. Доссорда осындай музейдің ашылуын тарихымызға көрсетілген құрметке балаймыз, – деді Қ. Айдаралиева.

 

А. ХАМИТТЕГІ
17.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950