Қарағанды облысы Аймақта 32 ауылдың жағдайы жақсарады

Қарағанды облысы Аймақта 32 ауылдың жағдайы жақсарады

Облыстық аппараттық кеңесте Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева: «Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бойынша 60 мыңға жуық адам тұратын 21 ауыл мен кент жақсарған болатын. Тұрғындар үшін жаңа спорт нысандары салынып, мектептер мен интернаттар, мәдени орталықтар жөнделді. Сондай-ақ жолдар ретке келді. Бұл жұмыс белсенді түрде жалғасады. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 43 924 адам тұратын 32 ауылды қамту жоспарда бар. Бұқар жырау ауданы Гагаринское ауылындағы мектепке қосымша құрылыс жалғасады. Екі денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр – Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин кентінде және Абай ауданының Топар кентінде. Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылындағы орта мектеп қайта жаңарады», – деп атап өтті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев: «Бұған қоса айтарым, биыл Осакаров ауданы Батпақ, Садовое, Озерное, Шет ауданына қарасты Мойынты және Босаға ауылдарында бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Абай, Осакаров, Нұра және Бұқар жырау аудандарының 22 елді мекенінде 134 шақырым кентішілік жолды жөндеу жоспарланған. Бір ауыл – бір жыл деген қағиданы ұстану қажет. Біз бір ауылға кіріп, бәрін шешіп, қайта оралмағанымыз абзал. Аудан әкімдері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдарды кешенді дамыту жоспарын дайындасын. Бүкіл конкурстық рәсімдерден уақытылы өтіп, жобаларды іске асыруға кірісу қажет», – деп мәлімдеді. 

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 58
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 170

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 85
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 162
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 159
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170