Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті

Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті

 Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ықтимал бағыттары, сондай-ақ Швейцария тарапының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Blue Peace Central Asia» (BPCA) өңірлік бағдарламасын қарастырдық.

Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) бастамашы болған жоба үш стратегиялық бағытты қамтиды. Олар - су дипломатиясы, бассейндік жоспарлау, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру. Бұл бастама су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Орталық Азия елдері арасындағы сенімді нығайтуға, диалог пен ынтымақтастықты дамытуға маңызды үлес қосып келеді.

Сонымен қатар қазақстандық бейінді ұйымдар мен мамандардың су ресурстарын басқарудың инновациялық технологияларын енгізу, жерүсті суларына мониторинг жүргізу және олардың есебін жүргізу жүйелерін дамыту, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін күшейту бағытындағы бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Швейцариямен әріптестікті жалғастыру өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы практикалық шешімдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенімдіміз. Қазақстан тек қолданыстағы өңірлік бағдарламалар аясында ғана емес, сонымен қатар жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы да өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, су шаруашылығын цифрландыру және гидротехникалық құрылыстарды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалы деп санаймыз.

18.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29580
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46372
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46710