Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыншақұрылатын Ұлытау облысына қандай қалалар менаудандар кіре алатыны белгілі болдыҚарағандыоблыстық мәслихатының XII, кезектен тыссессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтықбөлінісі талқыланды.

Ұлытау облысына ЖезқазғанҚаражалСәтбаевқалаларынЖаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосуұсынылдыХалық саны 227 200 адамды құрайды.

Қарағанды облысында ҚарағандыБалқашСаранТеміртауШахтинск және Приозерскқалаларысондай-ақ жеті ауданАбайАқтоғайБұқар ЖырауҚарқаралыНұраОсакаров және Шетаудандары қалады. 1 145 000 адам халық санымен.

– Облыста Ұлытау облысын құру бойыншаәкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешуалгоритмі әзірлендіЖезқазғанҚаражалСәтбаевЖаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірдежоғарыда аталған өңірлерді құрылатын Ұлытауоблысының құрамына енгізу мәселесі бойыншамәслихаттардың қалалық және аудандық сессияларыөткізілдіСессия қорытындысы бойынша тиістібірлескен актілер алынды, – деп баяндады экономикабасқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуыншаөңірді бөлудің орындылығытуралы ғалымдардың оң қорытындысы алындыҒылыми сараптама Е. А. Бөкетов атындағыҚарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.

Жүргізіліп жатқан қайта құрулар бойынша тиістіэкономикалық есептеулер жүргізілді.

Үкіметке Қарағанды облысының шекарасынөзгерту туралы ұсыныстар енгізілетін боладыСхемалық Карта жобалары әзірленді.

– Шешім тексерілдіАймақтың бөлінуі барлықжағынан қарастырылғанТұрғындардың пікірлеріескерілді, – деп атап өтті Қарағанды облысыныңәкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, 16 наурызда ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнағанЖолдауында Жезқазған қаласында орталығы баржаңа Ұлытау облысын құру бастамасы туралы айтқанболатын.

Жомарт Шаймұрат
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5500
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19099
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22559