Қарағанды облысында 2021 жылы 14 жаңа өндіріс орны ашылады

Қарағанды облысында 2021 жылы 14 жаңа өндіріс орны ашылады

Қарағанды облысында биыл жеті жаңа өндіріс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы жеті жоба жүзеге асырылады.

Өңір өнеркәсібінің дамуы туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

– Өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жетті. Қара металлургияда көлем 12,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 11,9%-ға, фармацевтикада - 5,8 есе өсті. Біз өзімізге 2021 жылы инвестицияларды 740,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту және 14 жаңа өндіріс есебінен 2 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарын қойдық. Олардың жетеуі іске қосылды, – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

10 айда 607 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, оның 73%-ы – жеке меншік.

Облыста жаңа ірі кәсіпорындар пайда болды. Мысалы, Жәйрем КБК полиметалл фабрикасы шамамен 400 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Жаңа фабрика моноқалаға "көкжиекте" 100 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорында жылына 5 млн тоннаға жуық кен өңделетін болады.

Қарағандыда күлділігі төмен жоғары сапалы көмір өндіретін байыту фабрикасы іске қосылды. Оның қуаттылығы - жылына 2 млн тонна.

Саран қаласындағы "Қазтехна" зауытында екінші кезең іске қосылды – кәсіпорын автобустарды шағын торапты құрастыруға көшті.

Жыл соңына дейін өнеркәсіптің түрлі салаларында – тау-кен металлургия, өңдеу, тамақ және т. б. тағы жеті жобаны іске қосу жоспарлануда.

Қарағанды облысы экономикасының құрылымында өнеркәсіптік өндіріс жартысынан көбін алады. Өңір бүгінде әлемнің 49 еліне өнім экспорттайды.

Жомарт Шаймұрат
05.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813