Қарағанды облысында 16–17 маусымда мектептүлектеріне білім туралы аттестаттар табыс етіледі. Өңірде биыл 11 сыныпты 8 789 адам бітіреді.
Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 206 мыңнанастам бала білім алуда. Биыл «Алтын белгі» алуғаүміткерлер саны – 363, үздік аттестатқа – 401, 9-сыныптарда үздік аттестатты 1 365 адам алуы тиіс.
Облыстың бас педагогы Гүлсім ҚожахметоваӨңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткенбрифингте қорытынды емтихандар мен бітірукештерін ұйымдастыру ережелері туралы сөз етті.
– 28 мамыр мен 6 маусым аралығында 9 сыныпоқушылары үшін, 27 мамыр мен 10 маусымаралығында 11 сынып оқушылары үшін қорытындыаттестаттау күндері анықталды, – деп атап өттіГүлсім Қожахметова. – Тоғызыншы сыныпоқушылары төрт жазбаша емтихан тапсырады: қазақ/орыс тілдерінен эссе, математика, қазақ тілі менәдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті және дербеспән бойынша таңдау.
11-сынып білім алушылары бес емтихантапсырады: алгебра және талдау бастауларыбойынша, қазақ/орыс тілдері бойынша, қазақ тілі менәдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті бойынша, таңдау пәні бойынша және Қазақстан тарихыбойынша билеттегі сұрақтарға ауызша жауап береді.
Қортынды емтихандарына арналған материалдар25 мамырға дейін барлық білім бөлімдерінежеткізіледі. Аттестаттау барлық санитарлықталаптарды сақтай отырып, мектеп базасындажүргізіледі.
Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын 25 мамырда дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.
– Облыс мектептерінің түлектеріне білім туралыаттестаттар тапсыру 16-17 маусым аралығында өтеді. Бітіру кештерін білім беру ұйымдарының күшіменөткізу қажет, – деп қосты спикер.
Түлектерге және олардың ата-аналарынамерекелік отырыстардан және жалға алынғанкөліктермен экскурсиядан бас тарту ұсынылды. Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелікагенттіктерді, әртістерді, жеке студияларды тартуғатыйым салынады.