Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде

Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде

 

Осы жылдың бес айында Қарағанды облысында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 7,1%-ға артты. ШОБ өнімінің жылдық шығарылымы 2 трлн теңгеден асты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осы секторды дамыту әлеуеттері туралы айтып берді. Оның айтуынша, ШОБ өндіріс көлемін 10%-ға арттыру міндеті тұр.

Жұмыс орындарына келетін болсақ, шағын және орта бизнесте облыс тұрғындарының 40%-ы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін тоғыз ұлттық жоба жоспарланған.

– Бүгінгі таңда 5700 жұмыс орны құрылды, оның 1800-і тұрақты. Жұмыссыздық 4,6% деңгейінде сақталуда, бұл республикалық орташа деңгейден 0,3%-ға төмен. Қабылданып жатқан шаралар бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс басшысы.

 

                                                                                 

 

Жомарт Шаймұрат
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АШТЫҚТАН ҚАЗАҚ ҚЫНАДАЙ ҚЫРЫЛДЫ?
Сұхбаттасқан, Нағашыбай Қабылбек - 30.05.2023 161

Топ жаңалықтар

1
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 55
2
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 52
3
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 107
4
ІЛЬЯСТЫҢ "АҚ ҚАЛАСЫ" АШАРШЫЛЫҚТЫҢ НАҚ БАҒАСЫ!
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2023-05-31 112
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 305