Қарағанды облысында мектеп медицинасына 1,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қарағанды облысында мектеп медицинасына 1,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

2022 жылы Қарағанды облысының емханаларынамектептер мен балабақшаларда медициналық көмекұйымдастыруға 1 млрд 601 млн теңге бөлужоспарланған. Оқу және тәрбие мекемелерінебекітілген емханалар балалардың денсаулығынсақтау және нығайту, олардың арасындасырқаттанушылықты азайту жөніндегі іс-шаралардыжоспарлайды және жүргізеді, профилактикалықегулер мен тексерулер кестесін жасайды, уақтылыдиспансерлеуге бақылау жүргізеді.

Пришахтинскідегі Гиппократ емханасына 8 мектеп кіреді. Олардың әрқайсысында медпунктжабдықталған және медбике жұмыс істейді, ол жылбойы профилактикалық егулерді, қауіп тобындағыбалаларға туберкулин диагностикасын жоспарлайдыжәне жүргізеді, мектеп оқушыларына тереңдетілгенмедициналық тексеруді ұйымдастырады. Сондай-ақ, медбикенің міндетіне педагогикалық ұжымға, мектепқызметкерлеріне және ас блогының қызметкерлерінежұмысқа рұқсат алу үшін санитарлық кітапшалардыбақылау кіреді.

– Мектептердегі барлық медицина қызметкерлерімаман сертификатына ие, "Білім беру объектілерініңмейірбикесінің шұғыл көмек курсымен жұмысы" мамандығы бойынша біліктілікті арттырукурстарында оқудан өтті, сондай-ақ жыл сайынпрофилактикалық егулерді жүргізуге және мантуреакциясының сынамасын қоюға рұқсат беруменаттестаттау өткізіледі, – дейді емхана басшысыИндира Мадиярова.

Оқу жылының басынан бастап "Гиппократ" емханасының мамандары бір жарым мыңға жуықмектеп оқушыларын тексерді, 88 баланевропатологтың толық тексеруіне жіберілді, 242 бала эндокринологтың ұсынымы бойыншатексеруден өтуі тиіс.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағандыфилиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

 

Жомарт Шаймұрат
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28054
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27537
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44914
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40567
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45224