«Ардағым – ардагерім» науқаны аясында Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «Қар вахтасы» акциясын іске қосты. Өңір волонтерлері жалғыз басты қарт адамдарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және мүгедектерге аула аумақтарын қардан тазалауға көмектесетін болады.
Акция барлық қалалар мен аудандарды қамтиды. Оны бірінші болып Қарағанды медицина университетінің «Самұрық» еріктілер ұйымының мүшелері бастады. Студенттер жалғызбасты қарт адамның ауласын қар құрсауынан тазартты.
– Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін біз Ардагерлер кеңесінен аламыз. Сондай-ақ бізге адамдардың өздері де қоңырау шалады. Еріктілерді жібермес бұрын біз қоңырау шалып, келетінімізді айтып, ескертеміз. Егер көмек керек болса немесе қарағандылықтардың бірі біздің акцияларымызға қатысқысы келсе, бізбен +7-778-673-35-35 телефоны арқылы байланысуға болады, – дейді Қарағанды облысы бойынша еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Мәдина Тұрсынбекова.
«Қар вахтасы» акциясы 1 наурызға дейін жалғасады.