Қарағанды облысында су тасқынына дайындық туралы баяндалды

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық туралы баяндалды

Қарағанды облысында алдағы су тасқынына дайындық басталды. Қаңтар айында қар қалыңдығын анықтау үшін өзендердің жоғарғы ағысын аралау жұмыстары басталды. Тәуекел аймақтарындағы барлық гидроқұрылыстар мен елді мекендер ерекше бақылауға алынады. Су тасқынының алдын алу мақсатында Нұра өзенінің бірнеше учаскесін санациялау көзделген.

Облыс әкімдігінде өткен онлайн-кеңесте елді мекендерді тасқын судан қорғау шаралары талқыланды. Дайындық барысы туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбекке басқармалар мен ведомстволардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері баяндады.

– Су тасқынына дайындық бойынша тәжірибелік іс-шаралар республикалық жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізіледі. Жол картасының 16 іс-шарасының 9-ы толық орындалды. Ауылдардың жанында қорғаныс біліктері тұрғызылып, нығайтылды. Осакаровка – Озерное автомобиль жолында су өткізу құбыры ауыстырылды. Жарлы өзенінің арнасын тазарту және тереңдету, Шерубай-Нұра өзенінің арнасын санациялау жүргізілді, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Оның айтуынша, Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін Новодолинка – Шахан – Молодецкое автожолындағы екі көпірді қайта жаңартуды аяқтау қажет.

Сонымен қатар, Нұра өзенінің санациясы Чкалово және Садовое ауылдарының, Бұқар Жырау ауданының Ғ. Мұстафин кентінің, сондай-ақ Нұра ауданының Тассуат және Майоровка ауылдарының жанында жоспарланған.

Облыста 2015–2021 жылдар аралығында үлкен жұмыс атқарылды, деп атап өтті ТЖД басшысы. 253 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынып, бекітілді, жағалау нығайтылды, өзендердің түбі тереңдетілді, жалпы 102 км қашықтықта өзен арналары тегістелді. Бұл шаралармен 178 елді мекен қамтылды.

Жол картасы мен инженерлік жоспарды жүзеге асыру жалғасуда.

Дәстүр бойынша, 1 наурыздан бастап олар су құбырлары мен көпірлерді тазартуға кіріседі.

Жеңіс Қасымбек су тасқынынан қорғау шараларын уақытылы қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

– Қалалар мен аудандарда қазірдің өзінде қар шығару жұмыстарын бастау керек. Қаражат бөліңіздер, кәсіпорындарды тартыңыздар. Мұның бәрі су объектілері мен инфрақұрылымды дайындауға, іс-қимылдардың үйлесімділігіне, материалдық-техникалық жарақтандыруға байланысты. Су қоймаларын дайындауға баса назар аударып, әрбір гидроқұрылысқа бақылауды қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.

Кеңесте сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесі жұмысының нәтижелері мен алдын алу шараларын күшейту талқыланды.  

Жомарт Шаймұрат
04.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 195
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784