Қарағанды облысында төрт жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылады

Қарағанды облысында төрт жаңа компьютерлік   томография кабинеті ашылады

 

Қарағанды облысында КВИ емдеу үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары, сондай-ақ оттегі концентраторлары бар. Ауруды жедел анықтау үшін сегіз ПТР-зертхана ашылып, 26 компьютерлік томография аппараты жұмыс істейді. Биыл тағы да осындай төрт кабинет ашылады.

Олар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша Жаңаарқа, Осакаров, Қарқаралы аудандарының ауруханаларында, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонология орталығында ашылады.

– Өңірде күн сайын дерт жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл жедел жәрдемге және мобильді топтарға түсетін қоңыраулардфң артуымен расталады, – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев. – Бізде төсек-орындарды орналастырудың кезеңдік жоспары бар. Резервте 2 300 төсек бар. Яғни, жүйе дайын, дәрі-дәрмектер де жеткілікті.

Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 44 стационар жұмыс істейді.

Олар реанимацияны қоса алғанда, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Госпитальдарда 6 мыңнан астам дәрігер жұмыс істеуге дайын. Тұрғындардың шақыртуларына желілік жедел жәрдем машиналарымен қатар 128 реанимобиль қызмет көрсетеді.

Біздің облыста медициналық ұйымдарда 1 160 орталықтандырылған оттегі жеткізу орны орнатылған, 29 мың оттегі баллоны бар. Соңғылары кезең-кезеңмен толтырылуда. Барлық емханаларда адамдар телефон арқылы кеңес ала алатындай сall-орталықтар жұмыс істейді.

 

Жомарт Шаймұрат
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 181
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 291

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29025
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28570
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45854
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41486
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46161