Қарағанды облысында 12 шілдедекоронавирустық инфекцияның 56 жаңа жағдайытіркелді. Маусым айының үшінші онкүндігіненбастап аймақта КВИ-мен ауыратындар саныныңөсуі байқалады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіалаңында өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин айтып берді.
– Пандемия басталғаннан бері аймақта 151 753 расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, 150 042 адам қалпына келді. Егер сәуір мен мамырда айынатіркелген жағдайы 10-нан аспаған болса, маусымайында 39, ал шілде айының 12 күнінде 246 коронавирус ауруы тіркелді, – дейді Юрий Залыгин. – Негізінен COVID-19 дертінвакцинацияланбаған және бір жыл бұрынвакцинацияланбаған, коронавирусқа қарсыревакцинациядан өтпеген азаматтар жұқтырады.
Бүгінгі таңда өңірде бірінші компонентпенвакцинациялау 75,2 % немесе 674 537 адамды, екінші компонентпен 70,5 % немесе облыстың 632 394 тұрғынын қамтыды. Ревакцинациядан 239 928 адам өтті. Қайта ревакцинациялаудан – 14 671.
Халық үшін үш вакцина қолжетімді: " Комирнати", "КазВак" және "Веросел".
– Тағы да алдын алу шаралары туралы ескесалғым келеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтауға, антисептиктерді қолдануға кеңес береміз. Коронавирустық инфекцияның алдын-алудыңжалғыз нақты шарасы – вакцинация. Сондықтаноблыс тұрғындарына дер кезінде екпе алу қажет. КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынанөткен және вакцинациядан кейін 6 айдан астамуақыт өткен адамдарға қайта вакцинациядан өтуқажет, – деп толықтырды Юрий Залыгин.
Өңірде А вирустық гепатитімен, созылмалывирустық гепатитпен, парентеральды гепатитпен, педикулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуібайқалады, менингококк инфекциясы бойыншажағдай тұрақты. Сонымен қатар, жіті ішекинфекцияларымен, бруцеллезбен жәнетуберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуібайқалады.