Қарағанды облысының 245 мыңға жуық тұрғыны медициналық сақтандыру үшін төлем жасамайды

Қарағанды облысының 245 мыңға жуық тұрғыны медициналық сақтандыру үшін төлем жасамайды

Қарағанды облысында 245 мыңға жуық тұрғынсақтандырылмаған. Олардың МӘМС жүйесіндемәртебесі жоқ.

Бүгінгі таңда өңірде халықтың 82%-ы медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрдеқаражат аударады. МӘМС жүйесінде медициналықсақтандыруға жарналар бойынша берешек болғанжағдайда азаматтарға "сақтандырылған" дегенмәртебе берілмейді.

– Көбіне өздері үшін жұмыс істейтін тәуелсізтөлеушілер сақтандырылмайды. Жұмыс берушілертұрақты түрде аударып отырады, себебі бұныМемлекеттік кірістер департаменті қадағалайдыжәне бұзушылықтар үшін айыппұл салады, – дейдімедициналық сақтандыру қорының Қарағандыфилиалының директоры Фазыл Копобаев. – ЖК қызметкерлері де бақылауда. Қосалқышаруашылықтары бар ауылдарда өзін-өзіжұмыспен қамтығандармен қиындықтар бар. Егеролар медициналық көмекке жүгінсе, оныңкеңейтілген көлемін алу қиынға соғады.

Сақтандырылмаған азаматтар үшін кеңейтілгенмедициналық қызметтер пакеті қарастырылмаған. Олар тек кепілдендірілген медициналық көмеккежүгінуге құқылы: жедел жәрдем, жалпы практика дәрігеріне, учаскелік терапевтке бару, шұғылауруханаға жатқызу, қан қысымын өлшеу, жалпықан, зәр анализі және т. б.

Сақтандырылмаған азаматтардың мәртебеалуының екі нұсқасы бар. Біріншісі - соңғыжылдағы қарыздарын өтей отырып, жарналардыдербес төлеуші ретінде төлеуге болады. Екіншінұсқа - бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу. Бұл қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауылтұрғындары үшін 0,5 АЕК. Оған төлемнің төрт түрікіреді: осы соманың 40 %-ы медициналықсақтандыру қорына, 30 % – зейнетақы қорына, 20 % – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынажәне 10 % – табыс салығы. Бұл реттесақтандырылушы мәртебесі алғашқы төлемненкейін 3 айдан кейін ғана беріледі.

Жомарт Шаймұрат
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27483
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44857
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40521
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45167