Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 24 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Жеңіс күніне орайоларға бюджеттен миллион теңгеден төленді. Бір жолғыматериалдық көмек сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына, концлагерьтұтқындарына, еркін жалданушыларға, соғыс кезіндеқаза тапқандардың жесірлері мен әйелдеріне арналған.
Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында облыс әкіміЖеңіс Қасымбек ардагерлермен кездесті. Салтанаттықабылдауға соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ардагерлер ұйымдарының басшылары шақырылды.
- Жеңіс күні өзінің жауынгерлік борышын адалорындаған, миллиондаған тыл қызметкерлерініңеңбегімен, жауды жеңу үшін өмірін ауыр еңбеккебағындырған миллиондаған сарбаздар менофицерлердің өмірімен өтелді. Қарағандылықтар өзөмірі мен денсаулығының арқасында сонау қырықыншыжылдары жеңіске жеткен жерлестерін әрдайым мақтантұтатын болады. Біз ұлттық және әлемдік тарихшежіресіне есімдері алтын әріппен жазылған, бүгінгікүнге жетіп отырғанымызға себепші адамдарға құрметпен алғыс білдіреміз, - деп Жеңіс Қасымбекардагерлерді құттықтады.
Қабылдауға шақырылған ең қарт қонақ - 99 жастағыБүркіт Есжанов ардагерлерге ұдайы көңіл бөліпотырғаны үшін алғысын білдірді. Ол барлығынаденсаулық, бейбітшілік және мемлекетіміздіңөркендеуін тіледі.
Бүркіт Есжанов майданға 19 жасында, ұшқыштаручилищесін бітірген соң аттанған. Мәскеу маңындасоғысып, Курск шайқасына қатысқан. Соғыстан кейінсолтүстік-шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондарданазат етуге қатысты.
Теміртаудан кездесуге жақында 95 жылдықмерейтойын атап өткен Николай Куриленко келді. Қартайғанына қарамастан, ардагер жігерлі жәнебелсенді өмір салтын ұстанады, велосеруендергешығады.
Қабылдау аяқталғаннан кейін Жеңіс Қасымбек екіардагердің үйіне барды. Облыс әкімі 97 жастағы МарияШинкевич пен 99 жастағы Сұңғат Саттығұловтыңшаңырағында болып қайтты.
Мария Шинкевич майданға 19 жасында аттанған. Атқыштар дивизиясында мерген болды. Чехословакиядасоғысып, Жеңісті Прагада қарсы алған.
Сұңғат Саттығұлов Сталинград түбінде шайқасқан, Минскті азат еткен. 293-ші атқыштар дивизиясыныңминомет есебінің командирі болды. Екі рет ауыржарақат алған, бірақ ауруханадан кейін майданға қайтаоралған.
Облыс ардагерлеріне көмек тек бюджет есебіненғана көрсетілмей, кәсіпкерлер, ірі өнеркәсіптіккомпаниялар қолдау көрсетеді. Олардың қатарындаҚазақмыс, АрселорМиттал Теміртау, Жәйрем КБК жәнет.б. бар. Жеңіс күніне орай облыс бойынша түрлікөздерден жиналған демеушілік көмек 63 млн теңгеніқұрады.