Қарағанды облысының ақындары мен жыршыларын «Бұқарекең жырлайды» байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының ақындары мен жыршыларын «Бұқарекең жырлайды» байқауына қатысуға шақырады

Қарағандылық ақын-жыршылардың дәстүрлі"Бұқарекең жырлайды" облыстық байқауы биылҚоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа арналды. Ол 14 қазанда өтеді.

Шығармашылық сайыс төрт номинациядантұрады:

– "Бұқар жырауша" - байқауға қатысушыларжыраулар стилінде өлең жазып, ондағы қоғамныңнегізгі мәселелерін ашуы керек;

– "Бұқар жырау оқулары" – Бұқар жыраудыңшығармаларын жатқа оқу қажет;

- "Жыршы-жыраулар" – Бұхар-жыраудыңшығармаларын музыкалық аспаптыңсүйемелдеуімен орындау (қобыз, домбыра, кернейжәне т. б.);

– "Әлемді түгел білсе де" – Бұқар жыраудыңшығармаларын әр түрлі ұлт өкілдерінің және әртүрлі тілдерде орындауы.

Байқау бір кезеңнен тұрады. Қазылар алқасы әрноминация бойынша жүлдегерлерді жекеанықтайды.

Байқауға Қарағанды облысының барлықтұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың жасышектеусіз.

Өтінімдер 1 қазанға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32 мекен-жайы бойыншанемесе электронды пошта арқылы қабылданады: karonmc@mail.ru.

Ережемен мына сілтеме бойынша танысуғаболады: https://onmcdint.kz/polozheniya-o-provedenii-konkursov-i-festivalej-page/.

Конкурс туралы толық ақпаратты (8-7212) 42-50-33, 42-50-95 телефондары арқылы білугеболады.

Әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалысыйлықтармен марапатталады.

"Бұқарекең жырлайды" байқауын облыстықмәдени-сауық және халық шығармашылығыныңғылыми-әдістемелік орталығы 2008 жылдан бастапөткізіп келеді.

Жомарт Шаймұрат
10.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28046
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27528
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44904
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40558
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45213