С.Сейфуллин атындағы Қарағанды театрындаәртістерге емес, ең ержүрек мамандық иелері – кеншілерге қол шапалақтады. Кәсіби мерекеқұрметіне арналған салтанатты жиналысқа өндірісозаттары, еңбек ардагерлері шақырылды. "Шахтер даңқы" атты жаңа кавалерлерге, еңбек әулеттеріөкілдеріне құрмет көрсетілді.
– Кенші – отандық өнеркәсіптің ең маңыздымамандықтарының бірі екені әрқайсымыз. Кеншілер еңбегінің нәтижесі еліміз үшін, өңірімізүшін, әрбір қазақстандық үшін маңызды. Бұлжұмыс барынша шыдамдылықты, батылдық пен адалдықты қажет етеді. Біз қарағандылықкеншілердің еңбектегі ерліктерін әрдайым естесақтайтын боламыз, - деп кеншілерді Қарағандыоблысының әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.
Бүгінде облыста 10 шахта және 12 көмірразрездері жұмыс істейді. Көмір саласындашамамен 90 мың адам бар.
Кеншілердің қазіргі ұрпағы ардагерлердіңдәстүрлерін жалғастыруда. Оларға ерекше алғыссөздер айтылды.
– Ардагерлердің жастармен өз тәжірибесіменбөлісетіні қуантады. Кенші мамандығы мақтанышпен құрмет сезімін ұялатады және әрқашанабыройлы болып қала бермек. Біз тек бірге ғанаалға жылжи аламыз, - деді AMT бас директоры Биджу Наир.
Марапаттар үздік қызметкерлерге, тәлімгерлерге берілді.
Он бір адам III дәрежелі "Шахтер даңқы" төсбелгісімен марапатталды. Тағы 17 адам "Кеншідаңқы" белгісінің иегерлері атанды.
- 21 жыл жұмыс істеймін. Отбасымызда атамда, әкем де шахтада жұмыс істеді. Біздіңжұмысымыз нағыз ер адамдарға арналған, әркімжер астына түсе алмайды, - деп есептейді "Шахтер даңқы" төсбелгісінің толық кавалері Геннадий Максяткин, ЖМШМД № 2 Тау учаскесібастығының көмекшісі. – Біз газсыздандыруменайналысатындықтан, алғаш жол салушылар болыпсаналамыз. Яғни, біз басқа кеншілер үшінқауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Жалпы, шахтада, тіпті жер бетінде де оңай жұмыс жоқ.
Кәсіби мерекеге орай "АрселорМитталТеміртау" компаниясы кәсіпорындарының 3 400-ге жуық қызметкері ведомстволық наградалар, құрметграмоталары, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтаралады.
Салтанатты жиналыста үздік тәлімгерлердіңесімдері айтылды. Бұл атауға И.А. Костенко атындағы шахтаның үңгілеушісі Валерий Бабич және Т. Күзембаев атындағы шахтаның жерастытау-кен жұмысшысы Марат Айбабин лайықты дептанылды.
Ең үздік шахтерлер әулеті Қасымовтар("Тентек" шахтасы) және Ивановтар (Т.Күзембаеватындағы шахта) отбасылары болды.
- Біздің барлық туыстарымыз "Тентек" шахтасында жұмыс істеді және әлі күнге дейінеңбек етуде. Тіпті әжем де бір кездері жарғышболған. Әулетіміздің жалпы еңбек өтілі 100 жылданасады, - дейді Нина Қасымова. - Мен өзімзейнеткермін, 21 жыл жұмыс істедім. Бүгін меніменбірге кіші ұлым жұмыс жанымда. Ол да ағасысияқты шахтада қызмет етеді. Мен өз отбасымныңатынан баршаға денсаулық, отбасылық бақыт жәнебар жақсылықты тілеймін.
Кеншілерге жергілікті әртістер мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өздерініңконцерттік нөмірлерін тарту етті.
Дәстүр бойынша Кеншілер күні тамыздыңсоңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ресми түрдекәсіби мереке 1947 жылдың тамызында бекітілді. Сол кезде "Құрметті шахтер" атағы үйлестірілді.