"Қазақмыс" корпорациясы жол-патрульдік қызметіне және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Ұлытау ауданының учаскелік инспекторларына 68 бірлік көлік техникасын сыйға тартты. Оларға 48 Chevrolet Cobalt автокөлігі, сегіз JAC 7 автокөлігі, алты фургон, екі жол талғамайтын көлік, екі қарда жүретін көлік және екі автобус берілді.
Құқық қорғау органдарының автопаркін толықтыру тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуіне, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етуі тиіс.
Сондай-ақ, өңір әкімдігі мен "Қазақмыс" корпорациясы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында Жезқазған өңірінде "Қауіпсіз аула" пилоттық жобасы іске асырылуда. Компания қаражаты есебінен Жезқазғанда Есенберлин көшесінде бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ жедел басқару орталығы пайдалануға берілді.
Жақын арада Сәтбаев қаласындағы "Нұрлы-Мекен" шағын ауданында "Қауіпсіз аудан" бейнебақылау жүйесінің ауқымды жобасын іске қосу және учаскелік полиция пунктіне беру үшін жеке тұрған ғимаратты сатып алу жоспарлануда.
Сонымен қатар, корпорацияның қолдауымен Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш және Ұлытау аудандарында 26 учаскелік пункт пен полиция бөлімдерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға 119 жиһаз жиынтығы сатып алынды. Полиция қызметкерлері үшін қысқы, маусымдық және жазғы форма киім-кешектің 444 жиынтығы тігілген.
Модульдік үлгідегі екі стационарлық полиция пункті орнатылды, жұмысқа қажетті ұйымдастыру техникасы, 690 бірлік планшет, видеожетон, радиостанция, деректерді жүктеу және түсіру pos-терминалдары, термопринтер сатып алынды.