Қарағанды жоғары оқу орындарының 18 оқытушысы 2021 жылдың қорытындысы бойынша еліміз бойынша үздік атанды

Қарағанды жоғары оқу орындарының 18 оқытушысы 2021 жылдың қорытындысы бойынша еліміз бойынша үздік атанды

 

 

«ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің ішінен ең үздіктерін таңдады, ол тізімнің ішінде Қарағанды облысының 18 педагогы бар.

Бұл жоғары атаққа Қарағанды техникалық университетінің жеті оқытушысы – Әділ Қадыров, Алексей Калинин, Медғат Мұсаев, Дмитрий Пак, Василий Портнов, Гүлназира Шаихова және Қорғанбай Шоланов ие болды.

Бұл ретте т. ғ. д., профессорлар Қадыров пен Портнов, сондай-ақ т. ғ. к., доцент Пак бірнеше мәрте «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде мемлекеттік гранттарды бес педагог – Гүлназ Қартбаева, Үмітжан Қосыбаева, Бекболат Нүсіпбеков, Байжол Кәріпбаев және Әсел Жұмина жеңіп алды.

Қарағанды индустриялық университетінің екі оқытушысы – Жасұлан Ашкеев пен Андрей Волокитин, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушысы Гүлмира Есенбаева да үздік деп танылды.

Үздіктер қатарында Satbayev University-нің үш оқытушысы – Бекжан Қосалбаев, Ұлжалғас Сейдалиева және Әйгерім Ерімбетова болды.

Байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы төсбелгі мен сыйлық алады.

Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде өтті, оның көмегімен қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. Қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар электронды форматта қабылданды. Бұл байқаудың ашықтығын қамтамасыз етті. Комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

Жомарт Шаймұрат
25.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5435
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5589
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20558
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19188
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22648