Қарағандыда ата-аналарға арналған «Сенімен Болашақ» клубы ашылды

Қарағандыда ата-аналарға арналған «Сенімен Болашақ» клубы ашылды

Қарағандыда "Сенімен Болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігініңфилиалы ашылды. Бірлестік жаңа білім алу, тәжірибе алмасу, назар аудару және қоғамға саналыата-ана болу мәселелерінің маңыздылығын жеткізуалаңына айналады.

"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігініңбасты миссиясы қоғамдағы отбасылыққұндылықтарды нығайту болып табылады.

– Біздің бірлестік ерлі-зайыптылық пен некегедеген жауапты қатынасты дамытатын болады. Бізөңірде ата-аналармен тренингтер, дөңгелекүстелдер, форумдар, шеберлік сабақтарын өткізіп, оларға ұлттық құндылықтарды, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін түсіндіріп, баулимыз, – деді "Сенімен Болашақ" РҚБ облыстықфилиалының басшысы Индира Тоқмурзина.

Қоғамдық бірлестіктің филиалы ата-аналарғаарналған клуб қағидаты бойынша жұмыс істейтінболады. Ол ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыруғабағытталған. Орталық мамандары ата-аналарғатиісті білім мен құзыреттілік алуға көмек көрсетугениетті.

– Біздің бірлестік ата-аналар үшін қолдау мен кеңес алу үшін жүгіне алатын орынға айналады. Бізсондай-ақ отбасылық демалыс пен бірлескеншығармашылық іс-шараларды ұйымдастыруменжәне өткізумен айналысатын боламыз. Біздіңбірлестікке қосылғысы келетін әрбір ата-анағақуаныштымыз. Алдағы уақытта ең белсендіқатысушылар Шымкенттегі біздің лагерьдедемалады, онда ата-аналар мен балалар үшінжағдай жасалған, – деп атап өтті "СеніменБолашақ" ата-аналар РҚБ ресми өкілі ЗәуреСадықова.

Ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалы Н. Назарбаев даңғылы, 33/3 мекенжайындағы"Премьер" бизнес-орталығының ғимаратындаорналасқан.

Жомарт Шаймұрат
26.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28050
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27532
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44909
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40562
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45217