Қарағандыда «Қасым үйі» ашылды

Қарағандыда «Қасым үйі» ашылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген, Арқа төсін дүбірлеткен ақын Қасымның 110 жылдық мерейтойына орай облыс көлемінде бірқатар шаралар атқарылды. Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қарағанды қаласында рухани, мәдени, шығармашылық орталық – «Қасым үйі» ашылды. Орталықтың салтанатты түрде ашылу рәсіміне облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК және барша зиялы қауым өкілдері қатысты.

Атап айтсақ, «Қазақстан Жазушылар Одағының» басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын Ғалым Жайлыбай, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, меценат Бекзат Алтынбеков, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов, «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахметов, Қарағанды облыстық Жазушылар одағы филиалының басшысы Жанат Жаңқашұлы және Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың филология факультетінің деканы Елдос Түйте қатысты.

            – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай қуанышқа ортақтасып отырмыз. Рас, 30 жыл деген тарих үшін айтарлықтай көп уақыт емес. Бірақ, осы жылдардың ішінде ел болып еңсе түзедік. Қиындықтар да болды. Оны бірге еңсере алдық. Қазақстанның әлемге белгілі ел болуына Қарағанды облысының да қосқан үлесі зор. Өндірісте, экономика салаларында үлкен жетістіктеріміз бар. Руханият саласында да бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Биыл Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сынды Алаш арыстарының мерейтойлары аясында қыруар жұмыстар атқарылды. Октябрь ауданының атын өзгертіп, Әлихан Бөкейхан есімін бердік. Ол да, тек, қарағандылықтарға ғана емес, жалпы барлық қазақстандықтар үшін үлкен жетістік деп санаймын. Ол мәселенің де көтерілгеніне көп жылдар өткен еді. Міне түйіні қойылды, – деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек құттықтау сөзінде.

Шығармашылық орталықтың ашылу салтанатына арналған дөңгелек үстелді «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы тізгіндеді. Айта кету керек, Арқаға «Қасым үйін» салу туралы бастаманы алғаш көтерген осы азамат еді. Бастама қолдау тауып, Тәуелсіздік тойы қарсаңында қарағандылықтарға үлкен тарту жасалды.

– Қасым бәленбай мың адам сыйған Алматыдан пана таппай, құрт ауруына шалдығып қайтыс болған. Мен облыс әкімінің қабылдауына барып «Қасым осылай қайтыс болған адам. Тағдыры трагедияғы толы. Енді Қарағандыға «Қасым үйін» ашып қойсақ, қандай керемет болар еді» деп ұсыныс білдірген едім. Жеңіс Махмұдұлы бірден қолдау көрсетті. Жәй уәде беріп қана қоймай, өзінің ұлтжанды, мемлекетшіл жан екенін көрсетіп, осындай әсем ғимаратты тарту етті. Барша әдебиетші қауымның атынан құттықтай отырып, алғыс білдіремін, — деді Серік Ақсұңқарұлы.

«Қасым үйінің» ашылу салтанатына Жазушылар Одағының басқарма Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай және ақын Маралтай Райымбекұлы арнайы келді.

Қазақтың қай өңіріне барсаң да тарихтан сыр шертіп тұрады ғой. Мысалы, Қарағанды мен Қарқаралының әр тасы тарих болып сөйлеп жатады. Ал, қазір қарасам Қарағанды облысының әр күні тарихқа айналып жатыр екен. Өткенде ғана Қарқабат ананың ескерткішінің ашылуына қатыстық. Одан соң «Қасым құдығының» жөнделгеніне куә болдық. Күні кеше ғана болмай қалған коммунизмнің елесіндей болып тұрған Октябрь ауданының атауына Әлихан Бөкейхан есімі берілді. Бүгін «Қасым үйі» ашылып отыр. Бұл әдебиет үшін, мәдениет үшін өте маңызды шара, – деді Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Салтанатты шарада Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма төрағасы Нұрлан Дулатбековтің бастамасымен жарық көрген Қасым Аманжоловтың библиографиялық жинағының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры Жанат Жаңқашұлының «Ойтамған» жыр жинағының тұсауы кесілді.

 

Жомарт ШАЙМҰРАТ
14.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807