Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды

            Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды

Қарағанды облысының индустриясы заманауи кәсіпорынмен толықты. Облыс орталығында «Qaz Carbon» ЖШҚ Сарыарқа ферроқорытпа зауыты ашылды. Ол қысқа мерзімде – 9 айда салынды. Соңғы екі жылда бұл қаладағы екінші зауыт.

Жоба «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Оның ішінде 11 млрд теңге – компанияның меншікті қаражаты, ҚДБ қарызы - 38,8 млрд теңге.

Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 57 мың тонна ферроқорытпа. Әрқайсысы 8 МВт болатын сегіз пеш орнатылады. Зауыт тәулігіне 25 тонна түрлі ферроқорытпа шығаруға қауқарлы.

Бірінші кезеңде төрт пеш пайдалануға берілді, қалған төртеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Осы уақытқа дейін зауыт толығымен өзінің өндірістік қуатына шығады.

Qaz Carbon компаниясының ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мұны іске асыру Мемлекет басшысының инвестициялар тарту, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді. Жаңа зауытта 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ашылу салтанатында.

Ферроқорытпа зауытының құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Тамыз айында алғашқы рудотермиялық ферроқорытпа пеші іске қосылды. Қазірдің өзінде 3 мың тоннадан астам отандық силикомарганец өндірілді. Өнім шетелдік тұтынушыларға – Жапонияға, Кореяға, ЕО және ТМД елдеріне жөнелтілді. Алдағы уақытта зауыт экспорт көлемін арттырады.

– Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз ферроқорытпа өндірісі бойынша тағы бір жобаны ашып отырмыз. Жаңа кәсіпорында әлемдік технологиялық әзірлемелер қолданылған және жаңа жабдықтар орнатылған. Бұл өндіріс экологиялық таза, қоршаған ортаға барынша аз әсер етеді. Зауытта ауаны ластамайтын үш сатылы газ тазалау жүйесі қолданылған. Қалдықтарды қайта пайдалану көзделеді. Qaz Carbon жобасының жалпы сомасы 50,7 млрд теңгені құрайды, оған байыту фабрикасы, агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауыты және қолданыстағы өндірісті жаңғырту кіреді, – деді Qaz Carbon акционері Ерлан Нығматулин.

Зауыт Қарағанды өңірінің шикізатын қайта өңдеуге жобаланған, бұл үздіксіз өндірістік циклды қамтамасыз етуге және әлемдік нарықтарға сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның экономикасы мен экспорттық әлеуетінің дамуына ықпал етеді. Өндірістік процесс толығымен автоматтандырылған. Пештер үш сағат ішінде қорытпалардың бір түрінен екіншісіне ауыса алады.

– Жаңа зауыт – Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалдың көрсеткіші. Шетелдік инвесторлар ретінде біз осы жерде жұмыс істеу үшін жасалған заңнамалық базаны және басқа да жағдайларды ерекше атап өткіміз келеді.  Бұл, әрине, Қазақстанның бүгінгі таңда ферроқорытпа нарығындағы перспективалы ойыншы ғана емес, сондай-ақ үлкен қорлармен мықты бәсекелес болу факторына әсер етеді, – деп атап өтті Qaz Carbon тобының акционері Давид Кемертелидзе.

Qaz Carbon инновациялық кәсіпорнында ҚДБ-нің стратегиялық бағыттарына – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, импортты алмастыруға, экспортқа бағдарланған стратегияға және әлемдік нарықта қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімнің отандық өндірісіне толық көлемде сәйкес келетін зауыт құрылтайшыларының бірегей инженерлік ойы іске асырылды. Сондай-ақ компанияның экологиялылық пен өндіріс қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына бейілділігі, – деп атап өтті Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының Төрағасы Абай Саркулов.

Qaz Carbon компаниясы 2021 жылдың сәуір айында жылына 2 млн тонна көмір өндіретін байыту фабрикасын іске қосқанын еске сала кетеміз.  Компанияның көрме орталығы салынды. Осы жылдың соңына дейін қуаты жылына 200 мың тонна агломерациялық фабриканы іске қосу жоспарлануда.                 

Жомарт Шаймұрат
26.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813