Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздарының туған-туыстарына марапаттар табыс етілді

Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздарының туған-туыстарына марапаттар табыс етілді

Қызметтік борышын атқарудағы ерлігі мен адалдығы үшін ел Президентінің Жарлығымен қарағандылық Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Ұлттық ұландар Талдықорған мен Қызылордада құқықтық тәртіпті қалпына келтіру кезінде қаза тапты.

Мемлекет басшысының атынан марапатты қаза болғандардың туған-туыстарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.

– Бейбіт уақытта біздің жауынгерлеріміздің өлімі барлығымыз үшін үлкен қайғы болды. Біз Отанымыздың қорғаушылары, өмірінің соңына дейін Заңға және Қазақстан халқына қызмет еткендердің барлығының есімдерін әрдайым есте сақтайтын боламыз. Біз үшін Айбат пен Мадияр мәңгі ерлік пен абыройдың үлгісі болып қала береді, – деді Жеңіс Қасымбек. – Олардың есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының батырлық шежіресіне енеді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Сералиев және ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Сакентай Шекарбеков қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарына лайықты ұлдар тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.

– Отанымыздың лайықты батырларын тәрбиелеген сіздерге шын жүректен көңіл айтамыз. Бейбіт уақытта ұлынан айырылу – орны толмас қасірет. Сіздердің ауыр қайғыларыңызға ортақпыз. Бірақ біз Сіздердің ұлдарыңыз сияқты жауынгерлердің құқық қорғау әскерлерінің қатарында қызмет еткенін және қызмет етіп жатқанын мақтан тұтамыз. Олар қарапайым азаматтарды және мемлекетімізді Отанымызды жаулап алуға тырысқан зұлым жаудан қорғады. Олар біз үшін әрқашан нағыз ерлік пен Қазақстанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болады, – деді батырлардың ата-аналарына Әлібек Сералиев. Бұдан кейін Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері атынан қаза тапқан сарбаздың туыстарына 7 млн теңгеден табыс етті.

Айбат Аманов 2003 жылы Атасу кентінде дүниеге келген, ҚР Ұлттық гвардиясында, Талдықорған қаласының №5514 әскери бөлімінде қызмет еткен.

Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, ҚР Ұлттық гвардиясында, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы, Қызылорда қаласы, 5547 әскери бөлімінде қызмет атқарған.

Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Жомарт Шаймұрат
18.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 63
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 534
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 484

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796