Қарағандыда халыққа қызмет көрсететін заманауи цифрлық кеңсе ашылды

Қарағандыда халыққа қызмет көрсететін заманауи цифрлық кеңсе ашылды

Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталығымен автоХҚКО орналасқан фронт-кеңсе ашылды.

Бүгін оны цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен облыс басшысы Жеңіс Қасымбекке таныстырды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін екі ХҚКО-да Connection Point деп аталатын өзіне-өзі қызметкөрсету алаңдары ұйымдастырылған. Келушілероператордың шақыруын күтпей-ақ электрондыққызметтерді өз бетінше ала алады. 

Ол үшін мұнда смартфондар орнатылған, Wi-Fi, принтерлер бар.

Электрондық учаскелерде кеңесшілер де жұмысістейді.

– Жаңа ХҚКО-ларда біз қызмет көрсету үдерісінөзгерттік. Біріншіден, олар Кайдзен принциптерінқолдана отырып, халық ағынын ескере отырып, аймақтарға бөлінді, дұрыс орналастырылды. Келушілерге смартфондар арқылы көбірек қызметкөрсету үшін Connection Point өзіне-өзі қызметкөрсету секторларының жұмысын толығымен қайтажасадық, – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасыСүйеніш Әбілдин фронт-кеңсені таныстырубарысында.

Сондай-ақ Connection Point-те Egov-тан топ-қызметтерді табуға және оларды жеңілдетілгенформатта пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы BI-модуль бар.

Орталықтардың операциялық залдары үш түрлісекторға бөлінген: экспресс-аймақ, әлеуметтікқызметтерді ұсыну аймағы және жайлылық аймағы. 

Енді мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндекелушілер бірден олардың мәселелерінің күрделілігімен жеделдігіне қарай бөлінеді.

Сонымен қатар, жаңа фронт-кеңседе "қағазсызХҚКО" жобасы іске асырылуда. Операторлар бұданбылай клиенттерден қағаз өтініштер беруді талапетпейді, сондай-ақ өтініштер қабылданғаннан кейінберілетін қағаз қолхаттары мен қағаз жеткізгіштердегінәтижелер жойылады. Оның орнына клиенттер SMS алады.

– Бүгінгі таңда қағаз айналымы сегіз мемлекеттікқызмет көрсету кезінде қысқартылды. Жақын арадатағы да 30 қызмет көрсету кезінде қағаздыпайдаланудан бас тарту жоспарлануда, – деп атап өттіСүйеніш Әбілдин.

– Бүгінгі таңда қағаз айналымы сегіз мемлекеттікқызмет көрсету кезінде қысқартылды. Жақын арадатағы да 30 қызмет көрсету кезінде қағаздыпайдаланудан бас тарту жоспарлануда, – деп атап өттіСүйеніш Әбілдин.

Жаңа цифрлық фронт-кеңсе 134-ші есептікквартал, 709-құрылыс мекенжайы бойыншаорналасқан.

Мұнда мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуүшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшінбарлық жағдай жасалған, сондай-ақ олар үшін арнайышақыру батырмасы орнатылған және жеке терезежұмыс істейді.

Балалары бар келушілер үшін ана мен бала бөлмесі және ойын бөлмесі қарастырылған.

Жомарт Шаймұрат
11.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28046
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27528
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44904
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40558
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45213