Қарағандыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Қарағандыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Қарағандының жұмыс істейтін жастары жекетұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген қарыз алаалады. Жаңа ипотекалық бағдарлама жасмұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, мәдениет қызметкерлеріне, журналистерге, ЖОО оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге жәнеәлеуметтік сала өкілдеріне қолжетімді болды.

Жеңілдікті қарыз 20 миллион теңгеге дейінгісомаға 5%-бен беріледі. Бастапқы жарна 19 жылғадейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ынқұрайды.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтасатып алуға болады.

Жұмыс істейтін жастар үшін ипотека берубастамасын Қарағанды облысының әкімдігі "Отбасыбанкпен" бірлесіп алға тартты. Облыстық бюджеттен1 млрд теңге бөлінді, "Отбасы банк" 500 млн береді.

Ипотека кемінде бір жыл ресми жұмыс істеген 35 жастан аспаған қарағандылықтарға қолжетімді. Табыс та ескеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне ол 6 ең төменгі күн көру деңгейі (1 ЕТККД – 37 389 теңге) мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ бағдарламағақатысушы мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылішінде меншігінде жылжымайтын мүлік болмауытиіс.

Қатысушыларды комиссия іріктейді. Оныңқұрамына мемлекеттік органдар, депутаттық корпусжәне қоғам өкілдері кірді.

– Бағдарламаның механизмі өте қарапайым, – дейді жастар саясаты басқармасының басшысыБіржан Әлімжанов. – Бірінші кезекте әлеуеттіқатысушылар қалалық әкімдіктің фронт-кеңсесінежүгініп, тиісті құжаттар тізбесін тапсыруы қажет. Осыдан кейін комиссия балдық жүйе негізінде банктебіліктіліктен өтуге жолдама берілетінқатысушылардың тізімін жасайды. Бұл өтінішберушінің несие тарихы, төлем қабілеттілігі деңгейінжан-жақты зерттеу. Банк тарапынан оң шешімқабылданған жағдайда қарыз алушы ресімдеупроцесіне көшеді. Іріктеу кезіндегі негізгіөлшемшарттар – еңбек өтілі, балалар саны жәнеәлеуметтік осал санаттарға кіру.

Өтінімдер 24 маусымға дейін мына мекен-жайбойынша қабылданады: Нұрсұлтан Назарбаевдаңғылы, 39А (Open Qarağandy фронт-кеңсесі)

Жомарт Шаймұрат
13.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27534
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44910
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40564
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45220