Қарағандылық биатлоншы қысқы Олимпиадаға қатысуға лицензия алды

Қарағандылық биатлоншы қысқы Олимпиадаға  қатысуға лицензия алды

 

 

Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды. Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі ретінде ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы болып табылады.

– Қаңтар айындағы соңғы, өте маңызды рейтингтік халықаралық жарыстарда Словакиядағы Брезно-Осрбльдегі IBU Кубогында Владислав тамаша нәтиже көрсетті. Ал жарыстың бірінде күтпеген жағдай болды, – дейді Қарағанды облысының биатлоннан аға жаттықтырушысы және спортшының жеке тәлімгері Раис Хайрутдинов. – Нәтижесінде Владислав олимпиадаға қатысу үшін қажетті ұпай санын жинады. Әрине, біз талантты және болашағы зор тәрбиеленушіміз үшін өте қуаныштымыз.

Владислав Киреев 21 жаста. 2020 жылы Швейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеке жарыста бесінші болды. 2021 жылы биатлоннан Чехияда өткен жазғы әлем чемпионатында жетінші орын, Қырғызстанда өткен Азия біріншілігінде алтын және қола медальдарға, ал Алматыда өткен ҚР Спартакиадасында үш жарыста жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық Екатерина Айдова 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жүгіру спортынан үш лицензия жеңіп алған болатын.

Жомарт Шаймұрат
19.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5437
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5591
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20561
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19190
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22651