Қарағандының Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан деп аталды

       Қарағандының Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан деп аталды

 

Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімі берілді. «Алаш» партиясы көшбасшысының туғанына биыл 155 жыл толды.

Қарағандылықтарды көптен күткен тарихи оқиғамен қала әкімі Ермағанбет Бөлекбаев құттықтады.

– Ауданды қайта атау – бұл ең алдымен Әлихан Бөкейханның тарихи қызметіне, жалпы еліміздің тарихына берілген құрмет.  Ауданның атауы ғана емес, келбеті де өзгереді. Соңғы бірнеше жылда үйлердің қасбеттерін, шатырларын, кіреберіс жолдары мен орамішілік жолдарды жөндеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Майқұдық орталық жолын ауқымды қайта құру аяқталды. Бірнеше заманауи тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр, шағын аудандарда жаңа емханалар іске қосылды. Қайта құру жұмыстарынан кейін «Литейщик» стадионы ашылды. Алда әлі талай өзгерістер бар, – деді Ермағанбет Бөлекбаев.

Аудан 1938 жылы қаланың солтүстік бөлігінде құрылған. 1961 жылға дейін Сталин деп аталды. Содан кейін ол Октябрь деп аталды. Оның ауданы – 22,4 мың га, халқы – 227 мың адам. Құрамына Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау кіреді.

– Әлихан Бөкейханның «халықтың пікірі мен еркі – Заңның жоғары сатысы» деген жақсы сөздері бар. Тәуелсіздік күні қарсаңында Октябрь ауданы Қазақстанның бірлігін, оның болашағын жақтаған адам – Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып қайта аталды деп мақтанышпен айтамыз, – деп атап өтті Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының ауылында дүниеге келген. Ол мемлекет және қоғам қайраткері, журналист және ғалым, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, сондай-ақ 1917 жылы Алаш автономиясының төрағасы, Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болды. Кейін ол «террористік ұйымға» қатысы бар деген айыппен сотталып, атылды. 1989 жылы ақталды.

 

 

Жомарт Шаймұрат
14.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807