Қарқаралы ауданында халық театрларының күндері өтеді

Қарқаралы ауданында халық театрларының күндері өтеді

 

 

Қарқаралы ауданында 21 және 22 сәуір халық театрлары күні болып жарияланды. Бұл күндер актриса Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына арналған. Аудан тұрғындары Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» драмасымен, Софы Сматаевтың «Біржан сал» пьесасымен және басқа да қойылымдармен таныса алады.

Қарқаралы ауданында халық театрларының күндері соңғы бес жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын жаппай қойылымдар сәуір айында жұма күндері ұйымдастырылды. Биылғы жылы Қарқаралы халық театрлары өздерінің есептік қойылымдарын облыстық халық театрлары байқауымен ұштастырды.

– Біз театр күндерін облыстық байқаумен біріктіруді ұйғардық. Ол бастау алды, комиссия бірқатар аудандарға барып, жақын арада бізге келеді, – дейді Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жазира Ысқақова. – Сондықтан біз көріністерді екі күнге – 21 және 22 сәуірге бөлдік. Театр күндерін Атығай Шанин атындағы халық театрының ұжымы ашады. Сағат 11:00-де Қарқаралыда Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы көрсетіледі.

Сол күні 21-сәуір 16.00-де Абыз ауылындағы Мақат Рымжанов атындағы «Абыз» халық театры Софы Сматаевтың «Біржан сал» пьесасын қояды.

Егіндібұлақта 22 сәуір күні сағат 10:00-де Сапарғали Ләмбековтың «Саржайлау сазы» повесінің желісі бойынша жазылған Баянғали Көпжасаровтың «Тәттімбет» драмасы көрсетіледі. Сағат 11:30-да Тәттімбет ауылының халық театры Олжас Жанайдаровтың «Жұт» пьесасын ұсынады.

– Халық театрларының күндері Ұлы театр және кино актрисасы, педагог Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына орайластырылған. Ол біздің ауданымыздың тумасы болғандықтан, облыстық халық театрлары байқауының жеңімпаздарын марапаттау бізде өтеді. Сондай-ақ, шығармашылық жарыстың үздік қатысушылары өз қойылымдарын біздің сахнада ұсынады. Біз тұрғындарды жерлестеріміздің театр өнері мен актерлік шеберліктеріне тамашалауға шақырамыз. Барлық көрсетілімдерге кіру тегін, – деп қосты Жазира Ысқақова.

 

                                                                                                       

Жомарт Шаймұрат
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5330
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5488
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20455
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19086
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22548