Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға сыйақы төленеді

Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға сыйақы төленеді

ІІМ-де өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов тапсырылған қарудың қалай бағаланатынын түсіндірді.

«Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейін әр түрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді», — деді Асылбек Ыдырысов.

Айта кетсек, қаруға төленетін қаражат көлемі келесідей:

— автоматты ойық қару үшін – 345 мың теңгеге дейін;

— ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін – 172 мың теңгеге дейін;

— тапаншалар мен револьверлер үшін – 138 мың теңгеге дейін;

— тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі үшін – 103 мың теңгеге дейін;

— травматикалық тапаншалар үшін – 34 мың теңгеге дейін.

«Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі. Олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. Соған қарай төлем жүргізіледі. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай», — деп түсіндірді Асылбек Ыдырысов.

Бұрын хабарлағанымыздай, 11 жылдың ішінде қару тапсырған қазақстандықтарға 1,9 млрд теңге төленген.

ҚазАқпарат
12.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5033
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5197
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20155
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18798
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22255