ҚАТЕЛЕСУДІ КЕШІРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ

ҚАТЕЛЕСУДІ КЕШІРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ

Анттарына адалдық танытып, халықтың саулығы үшін алдыңғы шепте жемісті еңбек етіп, қызметтерін мінсіз атқарып жүрген  ақ халатты абзал жандарға қанша құрмет көрсетсек те артық емес. Адам, қоғам өмірі үнемі өзгерістер арқылы дамитыны белгілі. Қандай да өзгерістер, әрине, ең алдымен адамның дүниетанымы, қабілеті мен мүмкіндігі, дарыны мен еңбегінің нәтижесі екендігі де хақ. Адамдардың көзқарасы мен дүние­танымы да, қоғамдық құндылықтар да заманына қарай өзгеріске ұшырап отыратыны да бәрімізге белгілі. Осынау аласапыран дүниеде мәңгілік құндылықтар мен адам өмірін сипаттайтын, әр кезең, дәуірдің тынысын, келбетін айшықтап, ұғымдардың қалыптасып, сақталуы да адам санасымен тікелей байланысты. Адамның адамдық қасиеттерінің айғағы да сондай ең құнды ұғым мен құбылыстарды өткізе отырып, адамдардың еңбек ету қабілетіне екпін береді. Адам өмірі қай заман, қай дәуірде де тікелей еңбекпен байланысты. Адамзат қоғамының артықшылығы да осы мәңгілік Еңбек процесіндегі атқарар рөлінде.

Былтыр Астана төрінде ҚР Президентінің Жолдауына сай  «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммитінің ашылуы болды. Саммитке ҚР Үкіметінің мүшелері, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, бизнесмендер, Денсаулық сақтау саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты. Сол шара аясында еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады Премьер-Министрдің экс-орынбасары Ералы Тоғжанов. Ол медицина қызметкерлерінің еліміздің әлеуметтік әл-ауқатына қосқан үлестерін атай келе денсаулық сақтау саласында 253 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етіп жатқанын атап өтті. Елімізде кадр тапшылығы бар, бірақ соған қарамастан көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жыл сайын артып келе жатқанына ерекше тоқталған болатын. «Мемлекет медицина қызметкерлерін қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Жалақы өсіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін еңбек жағдайлары жасалуда. Біз денсаулық сақтау жүйесіндегі жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, бірақ бұл шек емес. Медицина қызметкерлері жұмысының нәтижелері тікелей әлеуметтік әсерге ие екенін атап өткім келеді, оған нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы қоғамның тұрақтылығы да тәуелді», – деген еді Е.Тоғжанов.

Денсаулық сақтау министрі Түркі медициналық конгресінің ашылуына қатысты |  Inbusiness.kz

Форум қатысушылар да Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері мен міндеттері туралы, медицина жұмыскерлерінің ерен еңбектері жайлы және   «Дені сау ұлт»  ұлттық жобасын іске асыру барысына қатты көңіл бөлді, «Қазақстандық медицинаның бірқатар бағыттары Халықаралық деңгейде табысты бәсекелеседі. Халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы немесе әлемнің топ-22 үздік клиникаларының қатарына енген жүрек орталығы 2017 жылы «Жүрек трансплантациясы» және «VAD имплантациясы» бағдарламалары, сондай-ақ 2021 жылы «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» бағдарламасы бойынша сертификаттаудан өткен Орталық Азиядағы алғашқы медициналық мекеме болды. Орталықтың ашылуымен және елімізде кардиохирургиялық көмектің дамуымен қазақстандықтардың шетелдік ауруханада емделуге деген қажеттілігі едәуір азайды, сонымен қатар шетелден медициналық туристер ағыны артты», – деген болатын  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Мұны айтып жатқан себебім медицина жұмысшыларының ерен еңбегі үнемі бағаланып тұратынын  көрсету еді. Кәсібіне адалдық та дәрігерлердің атақ-абыройын аспандата түспек.  

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394