«Тараз» – «Мақтаарал» – 0:1
«Тараз» өз алаңында күтпеген жерден «Мақтааралдан» (0:1) жеңіліп, жетісайлықтарға жоғарғы дивизионда қалуына үміт сыйлады. Енді аудан командасының алдағы уақытта жоғарғы лигада қалу үшін күресте екі басты қарсыласы – «Тұран» мен «Ақжайық» командасымен ойнайтынын ескерсек, өз орнын сақтап қалуы әбден мүмкін.
«Ақжайық» – «Ақтөбе» – 3:1
Батыс дербиінде мүлдем күтпеген жағдай орын алды. «Ақтөбе» турнирлік кестеде 1-орынмен чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі еді, ал «Ақжайық» көш соңындағы команда болатын. Бұл ойында бәрі де керісінше болды. «Ақтөбе» өте сүреңсіз ойын мәнерін көрсетіп, «Ақжайық» жергілікті жанкүйерлерін қуантты. Есеп – 3:1. «Ақтөбе» осы жеңілісіне қарамастан, әлі де 1-орында.
«Тұран» – «Астана» – 2:2
«Ақтөбенің» өкшесін басып келе жатқан «Астана» «Ақтөбеден» ұпай айырмашылығын қысқартуға толық мүмкіндігі болғанымен, турнир сатысының үшінші орнына қайта орала жаздады. «Тұранның» жастарының ойыны қонақтардан әлдеқайда артық көрінді және 82-минутқа дейін екі доп айырмасымен алда келе жатты. Дегенмен, «Астана» жеңіліске жол бермей, соңғы сәтте есепті теңестірді. Есеп – 2:2
«Тобыл» – «Шахтер» – 3:1
«Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы айырмашылық қысқарды, бірақ бес ұпайдан төртке дейін, «Тобыл» өз алаңында еш қиындықсыз «Шахтерден» басым түсіп, елордалықтарды қуып жетті.
«Қызылжар» – «Қайрат» – 1:2
Бұл маусымда жанкүйерлерінің көңілін қалдырған «Қайрат» әлі де жеңіске жете алатынын көрсетті. Қос команда тез арада гол алмасып, есеп 90-минутына дейін тең болып, соңғы сәтте Вячеслав Швырев жеңіс голын салды.